
«Салық төлеуге міндетті»: Майғазиевтер әулетінің ақылы тойы комитет назарына ілікті
Белгілі әнші Сәкен Майғазиевтің ұлының үйлену тойын онлайн форматта ақылы түрде көрсетуі салық заңнамасына сәйкес табыс көзі ретінде қарастырылады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Бұл қазақ қоғамында алғаш рет өткізілген ақылы онлайн-той ретінде тіркелді. «Қаралып отырған жағдайда онлайн-үйлену тойына қатысу үшін 1380 теңге көлемінде ақы алу табыс табуға…