Tag Archives: кешірім

«Қызық емес»: Талғат Теменов шәкірті Баянның кешірім сұрағаны туралы

Коллаж: sn.kz

Театр және кинорежиссері, кинодраматург Талғат Теменов QazaqAIRAN-ға берген сұхбатынла Баян Алагөзова туралы сөз қозғады, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Актриса әрі продюсер Баян Мақсатқызы өзінің сұхбатында өнердегі жолын ашқан ұстазы Талғат Теменовтен кешірім сұраған еді. Режиссер журналистің арадағы реніш туралы сұрағына атүсті жауап берді.

«Мұндай сұрақтар каналдың деңгейін түсіреді. Бұл жеке қарым-қатынастарға жатады. Баянның кешірім сұрағанынан, кешірім сұрамағанынан не өзгерді? Мен өз басым білемін. Иә, Баян менің шәкіртім. Қазақтың бүгінгі мәдениетінен, руханиятынан өз орнын шегелеп алған қазақтың қыздарының бірі. Оның кешірім сұрағанының өзі азаматтығы, кісілігі, кішілігі және оның ақылы. Өз басым ақылды қыздарды сыйлаймын, қашан да оларға тілекшімін. Баянға да солай. Біреудің кешірім сұрағаны, біреудің тойы мен үшін қызық емес. Мен олардан өтіп кеткенмін», — деді ол.

«Кешіріңіздер мені»: «Қазақстан» шоколадын келемеждеген ресейлік блогер өкінетінін айтты (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

Ресейлік блогер Михаил Гребенюк “Қазақстан” шоколадына қатысты пікірі үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Блогер Telegram-арнасында жариялаған үндеуінде өз қателігін мойындап, видео үшін кешірім сұрады.

«Қай жерде, не айтатыныңды ойланып сөйлеудің маңызын түсіндім. Біз шоколадтың дәмі туралы пікір білдірген видео жарияладық. Бірақ мен мәселенің дәмде ғана еместігін түсінуге ақылым жетпеді. Бұл жай ғана шоколад емес, бұл – қазақ бауырларымыздың ұлттық символы, мақтанышы мен махаббаты», – деп жазды блогер.

Блогер әр адамның талғамы әртүрлі болуы мүмкін екенін және олар әрдайым бірдей бола бермейтінін атап өтті.

«Мен бұл шоколадтың артында тұтас бір ұлттың дәстүрі, тарихы, сүйіспеншілігі мен мақтанышы жатқанын көре алмадым. Бұл дәмді миллиондаған адам, әсіресе аға буын өте жақсы көреді, олар үшін бұл балалық шақтың, күлкінің дәмі. Бұл – мен үшін аса құнды сабақ болды», – дейді блогер.

Үндеуінің соңында блогер әкесінің Алматы туғанын, өзі де Қазақстанды жақсы көретінін айтып, қазақстандықтардан қазақ тілінде кешірім сұрады.

“Кешіріңіздер мені, бауырларым мен апа-қарындастарым. Тағзым етемін және сабақ үшін алғысымды білдіремін”, – деп жазды блогер.

Кәсіпкер Қайша Керей қатерлі ісіктен қалай айығып кеткенін айтты (ВИДЕО)

Кәсіпкер Қайша Керей Динара Сәтжанға берген сұхбатында ана-енесімен қалай араздасып, артынша қалай татуласқанын айтып берді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап. 

«Жолдасым мен Қазақстанға кеткен соң артымнан келді. Оның ата-анасы бізбен араласпай қалды, ренжіді. Алтайда бізге шай құйып қал деді. Бірақ мен Алтайдан әрең шығып, Қазақстанға келгенімді айттым. Қалмаймын дедім. Мен онкологияға шалдыққанда жолдасым әпкесі арқылы оларға «менен үміт үзіңдер, мен енді Алтайға бармаймын» деген. Әйелім өліп кетсе де қайтпаймын, осында қаламын деген. Қуаныш өз ата-анасынан сол кезде бірінші рет мені емдетуге ақша сұратқан», — деді Қайша Керей.

Кәсіпкердің айтуынша, ол дертіне не себепті шалдыққаны туралы көп ойланған. Ата-ананың разылығы деген дүние туралы да осы кезде ойлаған.

«Ата-енем маған риза болған жоқ, сондықтан маған қарғысы тиді деп ойладым. Кімдікі дұрыс, бұрыс деген дүние маңызды болмады. Ол кісілердің разылығын алайын деп өзім хабарластым. Бір жарым жылдан кейін солай бірінші рет сөйлестік. Мен ауырып қалғанымды айтып, сіздерді ренжітсем, кешіріңіздер дедім. Олар екеуі жылап жіберіп, бізді де кешір деді. Өмірімде бірінші рет ата-енем «қызым» деп сол кезде айтты. Осы сынақтан кейін барлығымыз тату болып кеттік», — дейді Қайша Керей.

Оққа ұшқан Словакияның премьер-министрі қылмыскерді кешіретінін айтты

Фото: rg.ru

Словакияның премьер-министрі Роберт Фицо өзіне жасалған қастандық әрекеттен кейін ауыр жарақат алғаннан соң алғашқы бейнеүндеуін жариялады. Ол қылмыскерге ешқандай кек сақтамайтынын айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Роберт Фицо сәрсенбі күні үш апта бұрын болған қастандықтан кейін алғашқы рет интернетте бейнеүндеу жариялады. Бұл үндеу Еуропарламент сайлауының алдында оның Facebook парақшасында жарияланды.

Фицо шабуыл оның денсаулығына ауыр зақым келтіргенін және бірнеше апта ішінде жұмысқа қайта оралатынын айтты.

Фицо 15 мамырда ел астанасы Братиславаның солтүстік-шығысында 140 шақырым жерде орналасқан Гандлова қаласында өз жақтастарын қарсы алған кезде оққа ұшырап, ауруханаға түскен еді. Күдікті қамауға алынды.

Премьер-министр жаз ортасында жұмысқа оралуы тиіс екенін мәлімдеп, шабуылдаушыға ешқандай кек сақтамайтынын айтты.

«Мен оны кешірдім», — деді Роберт Фицо.

«Ақталып тұрған жоқпын»: Бұрынғы әйелін аяусыз ұрған ер адам кешірім сұрады

Фото: видеодан алынған кадр

Алматыда бұрынғы әйелін аяусыз ұрып кеткен ер адам кешірім сұрады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде ер адам әйелдің телефонын сындырып, содан кейін оны аяусыз ұрып-соққаны бейнеленген видеосы тараған болатын.

Жазба авторы жәбірленуші әйелдің есімі Салтанат екенін жазған. Әйел 11 жылдық некеден кейін ажырасуға шешім қабылдап, балаларын алып, Тараздан Алматыға көшіп келген. Алайда автордың айтуынша, қазір бұрынғы күйеуі келіп, оны аңдып, мәжбүрлеп қайтаруға тырысып жатыр.

Александр Ким есімді ер адам бұрынғы әйелі Салтанат пен оның жақындарынан кешірім сұрады.

«Менің бұл әрекетімді ақтауға болмайды және Салтанатқа қолымды көтермеуім керек еді. Мен ақталғым келіп тұрған жоқ, тек жағдайды түсіндіріп өтсем деп едім. Біз 11 жыл бірге тұрдық. Үлгілі отбасы болдық, бір-бірімізді жақсы көрдік. Бірге саяхаттадық, жас отбасылар қызығатындай жанұя болдық. Салтанат екеуіміз төрт баланың ата-анасы атандық. Әрине, ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайтын. Сондай ұрсыстардың бірінде екіге кеттік. Бірақ сезім қалды. Күндердің бір күнінде Алматыда кездесеміз деп келістік. Үйге келе жатқан кезде мен оның телефонын сұрадым. Оның, балаларымның суретін көрейін дедім. Сол кезде Салтанат бейтаныс жігітпен тұрғанын көрдім. Өзім не болғанын түсінбей қалдым. Қызғанып кеттім. Оның телефонын алып, сындырып жібердім», — дейді ер адам. 

Александр Ким әйеліне соққы қатты тимегенін айтады.

«Бірақ ақталып тұрған жоқпын, оны тіпті итеруге құқым жоқ. Эмоцияға беріліп кеттім. Артынша Тараз қаласына кетіп қалдым», — дейді ер адам.