Tag Archives: Кентау

Кентау ЖЭО-да 4 қазандықтың жұмысы тоқтап қалды

Кентау ЖЭО-да барлық төрт қазандық сөндірілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі. Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше сағат 20:16-да электр беру желілері ажыратылған кезде ЖЭО-дағы барлық төрт қазандықтың жұмысы тоқтап қалды. Қалыпты режим 20:34-те қалпына келтірілді. Сондай-ақ ведомство ЖЭО-да қазандықтарды жөндеу жұмыстарының аяқталғанын мәлімдеді.

«№5, 6, 7, 12 қазандықтарды жөндеу аяқталды. Ал №8, 11 қазандықтар 58% жөнделді. Жоспар бойынша 20 қарашада аяқталуға тиіс. Іс жүзінде 20 желтоқсанда толық аяқталады деп күтіліп отыр. №9, 10 қазандықтар 50% жөнделді. Жоспар бойынша ол 30 қарашада аяқталуға тиіс еді. Іс жүзінде толық аяқтау 2024 жылдың 30 наурызында болады деп күтіледі. Жылу желісі кестесі 70/45, факті – 68/440С», – делінген хабарламада.

 

 

Кентау қаласының экс-әкіміне қатысты тергеу аяқталды

 

“2013 жылы ол Премьер-министр кеңсесінің қызметкері бола отырып, ірі жеке меншік компаниясының меншік иесін жауапты лауазымды тұлғаларға аса ірі сомада пара беруге көндірді. Осы үшін құрылыс бойынша тендерде жеңісті қамтамасыз етуге уәде берді. Талап етілген соманы алып, өзіне қалдырып, ақшасының бір бөлігін Астана қаласынан жаңа үй, қымбат тұратын автокөлік және бірнеше жүк техникасын сатып алуға жұмсады”, – делінген хабарламада.

 

Оның әрекеттері аса ірі көлемде пара беруге арандату және алаяқтық ретінде сараланған, тергеу сотының санкциясымен ол қамауда отыр.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс материалдары қабылданған шешімнің заңдылығын тексеру және одан әрі сотқа жолдау үшін Астана қаласының прокуратурасына тапсырылды.

Source link