Қазақ эстардасының жарық жұлдызы Сәкен Майғазиевтің жары Динара Майғазиева әлеуметтік желіде келін болып түскен кезіндегі қызық оқиғасымен бөлісіп, көпшілікті күлдірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Сәкен Майғазиевтің жары алғаш келін боп түскен кездегі қызықты естелігін айтып, оқырмандарды күлдірді. Айтуынша, ол кезде ас үйде тәжірибесі аз болған жас келін бір күні қызып тұрған майға ет салып жібергенде, майдың қатты атылған даусынан қонақтардың қолындағы кесе түсіп кеткен. Сол сәтте бәрі абдырап қалғанымен, кейін бұл оқиға отбасы арасында ең қызықты естеліктердің біріне айналған.
Сондай-ақ, ол келін алған соң, асханада жағаласып жүрмейін деп, тамақ жасағысы келгенде жазғы ас үйіне барып, дәмді тамақтар әзірлейтінін айтады.
«Келінмен жағаласып жүргенді құп көрмеймін, өзінің ойлағаны бар шығар, басқаша тағамдар әзірлегісі келетін болар, сол себепті, тамақты бөлек асханада әзірлегенді жөн көремін», дейді ол.
Көпшілік мұны құп көрсе, енді бірі келін алған соң тыныш отырмай ма деп пікір білдіруде.
«Қойындаршы. Сендер ғаңа тамақ істеп, сеңдер ғаңа қонақ күтесіндер ме?», «Отырмай ма тып-тыныш шалының қасында жас келинге обалго не туда не сюда журеди», «Бір үйде екі ас бөлмесі болғаны да мақтаныш па?», деп жазды көпшілік.
Гүлзира Айдарбекованың екінші келіні Айгерім Саркенова өз парақшасында соңғы кездері әлеуметтік желіде тарап жүрген теріс пікірлерге қатысты ойын білдірді.
Ол өзіне бағытталған сынға сабырмен қарайтынын, алайда отбасының абыройына, намысына тиетін жалған айыптауларға бейжай қарай алмайтынын атап өтті.
«Жиі кездесетін жағымсыз пікірлерге сабырмен қараймын, себебі олардың шындыққа еш қатысы жоқ екенін білемін. Бірақ мұндай сөздер менің немесе отбасымның абыройын қорлауға айналғанда, үнсіз қалу – менің табиғатыма жат», — деп жазды ол.
Айгерім кейбір адамдар оның отбасы «біреудің есебінен өмір сүреді» деп ойлайтынын, алайда мұның мүлде шындыққа жанаспайтынын айтты.
«Біздің отбасымызда масштабты адам бар. Бұл біз үшін үлкен құрмет. Әрине, мұндай туыстық байланыстар кейде мүмкіндіктер ашады, бірақ есіктер тек алға ұмтылғандарға ғана ашылады. Барлығы адамның өз еңбегіне, ақылына және табандылығына байланысты. Әркімнің өз өмірі, өз қамы, өз мақсаты бар. Барлығы еңбек пен сенім арқылы құрылады. Біз үшін масылдық — жат ұғым. Адамдар тек сыртқы жағын көреді, ал кадр сыртында ең маңызды нәрселер қалады. Сондықтан ешкімнің еңбегін бағаламай, білмей тұрып үкім шығармаңыздар. Уақыт бәрін өз орнына қояды – шындық әрқашан жарыққа шығады», — деді ол.
“Шаншар” әзіл-ысқақ театрының актрисасы Күннұр Қалмырзаева ене мен келіннің бір шаңырақта тұруы қате екенін айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Бұл туралы ол “Қайықта” бағдарламасына берген сұхбатында айтты.
”Келін мен ененің бір шаңырақ астында тұрғаны қате деп есептелінеді. Өзімнің жасым 50-ге келіп қалды. Құрбы, құрдастарым қыз ұзатып, келін түсіріп жатыр. Соларға “неге ұстайсың” деймін. Қазір қыздың да, ұлдың да көзі ашық, көкірегі ояу. Ол күнде интернетті, тик токты көреді. Барлығы керемет өмір сүріп жатыр. Сенің келінің ғана керемет өмір сүрмей жатыр, өйткені сен ене болып отырсың. Оны жұмсайсың, өзің қалаған нәрсені жасатқың келеді. Ал ол өзінің қалаған нәрсесімен өмір сүргісі келеді. Сенің бетіңе келіп баж дегісі келмейді. Себебі, балаңды жақсы көріп отыр. Сол себепті мен “жібер, өмір сүрсін, көрсін. Сен еңкейіп, өз өміріңді өзің жасай алмай отырған жоқсың ғой. 80,90-ға келгенде балаңның өзі жаны ашып келер. Ұстамаңдар” деймін. Менің қазіргі ойым келін мен баланы ұстамаңыздар. Өйткені, бұрын күн көре алмағандықтан бәрі бір әулетте өмір сүрген. Ал қазір күнкөріс мүлдем басқаша”, — деді актриса.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, эстрада жұлдызы Толқын Забирова болашақ келініне қандай талаптар қоятынын айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Әнші бұл жайында «Бүгін LIVE» бағдарламасына берген сұхбатында баяндады.
«Қандай келін керек маған? Ол қандай болу керек? Ата-ананың тілегі: бір-бірінің тілін тапса, сыйластықпен өмір cүрсе, одан артық маған ешнәрсе керек емес. Ешқандай талап қоймаймын. Ұлымның таңдауын қабылдаймын. Ана еш уақытта кері жүрмеуі керек, әр адамның өзінің сезімі бар. Әр адам жүрегін тыңдауға тиіс. Тәулігіне 24 сағат әңгіме айтсақ та, мен оны түбіне дейін түсінбейтін шығармын. Ол басқа отбасында тәрбие алған адам. Менің балам қабылдады ма, мен үшін ол табу, талқыланбайды», – деді Толқын Забирова.