Мақтаарал ауданы бойынша аудандық білім бөлімінің есепшісі Экономикалық тергеу департаментінің тексеруінен кейін өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.
Оқиға 25 қаңтарда болған. Ақпаратты облыстық полиция департаменті растады.
Мақтаарал аудандық полициясы ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының бірінші бөлігі «Өзін өлтіруге итермелеу» бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.
Түркістан облысының білім басқармасы іс жүзінде тексеру жүргізді. Экономикалық тергеу департаменті Мақтаарал ауданына қарасты аудандық білім бөлімінің есепшілеріне шынымен де бюджет қаражатын ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды деп жауап берді. Әзірше қандай сомалар туралы айтып отырғаны белгісіз.
«Қазір Экономикалық тергеу бөлiмi Мақтаарал аудандық бiлiм бiлiмiнiң есепшiлiктерiне қатысты ҚР Қылмыстық кодексiнiң 189-баба 4-бөлiгi 2 -тармағындағы «Мемлекеттiк бюджеттен қаражат жымқыру» бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр. ҚР Қылмыстық кодексі 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жарияланбайды», — делінген Түркістан облысы Экономикалық тергеу департаменті хабарламасында.
Сонымен қатар Түркістан облысы Жетісай ауданындағы білім саласының есепшілері 530 миллион теңге ұрлады деген күдікке ілінді.
Ресей Федерациясында «Алмаз-Антей» зымыран зауытының инженері Антон Горобец Харьковтағы тұрғын үйге зымыран түскені үшін өзін атып өлтірді, — деп жазды ресейлік БАҚ. Белгілі болғандай, инженер өзіне қол жұмсау алдында хат қалдырған. Жазбасында ол «өзінің қолтаңбасы бар» зымыран екенін жазған. Ал ол үйде оның әжесі тұрған. Ол қаза болды.
«Бірнеше күн бұрын менің қолымнан өткен зымыран Харьковке, әжем тұратын үй аумағына қарай ұшып кетті. Артынша әжем қаза болды. Қазір болып жатқан оқиғалардың бәрі сұмдық, қорқынышты түс сияқты. Мен енді зымыран жасамасам да, әжемді қайтара алмаймын. Мені кешірші, енді мен өмір сүре алмаймын», — делінген жазбада.
Қаңтардың 22-сінен 23-іне қараған түні Алматы мен облыста жалға берілетін үйге сұраныс күрт артқан. Бірақ бұл бағаға әсер етпеген. 24 қаңтардағы мәлімет бойынша нарықта басқа өзгеріс жоқ. Пәтер сататындардың саны артпады, халықтың жаппай Астанаға ағылып жатқаны да байқалмайды.
Талдаушылар берген мәлімет бойынша қысқа мерзімге жалға берілетін үй, саяжай алатындар көбейген. Жер сілкінгеннен кейінгі бір тәулікте сұраныс төрт есе артқан.
«Бұл ұзаққа созылмайтын құбылыс. Ұзақ уақытқа үй жалға алатындар аса көп емес, дегенмен сұраныс екі есе артқан. Алматыда жалға берілетін үй, саяжайға сұраныс төрт есе артты. Нарықта ажиотаж байқалмады, еш категорияда баға құбылмады. Жұрт жеке секторға неге қызыққаны түсінікті, жер сілкінгенде үрейі ұшқан біраз адам жалған ақпаратқа сеніп, одан қатты апат бола ма деп қорықты. Кей тұрғын афтершок өткенше күте тұруды жөн көрген болар. Жалға берілетін үй, саяжай құны өскен жоқ. Орташа баға да өзгермеді», – делінген басылымда.
Алматыда үйді жалға алудың орташа бағасы — тәулігіне 100 000 теңге.
Мұндай үйлер негізінен сауық кешін өткізуге, мереке тойлауға арналған. Ондай ғимаратта бар, мангал тұратын орындар, караоке болады. Сол үшін де қымбат.
Қазір ең төмен баға мына шамада:
2 бөлмелі саяжай — 10 000 теңге;
3 бөлмелі жер үй — 25 000 теңге;
4 бөлмелі үй — 35 000 теңге.
Сатылатын үйлерге келер болсақ, мұнда жағдай қалыпты. Баға да тұрақты. Krisha.kz талдауына сүйенсек, Алматыда жер үйдің орташа бағасы — 40 млн теңге.
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов үкімет отырысында (онлайн қатысты) жер сілкінісі 4 облыста болғанын, ең қуаттысы Алматыда болғанын мәлімдеді.
18 қаңтарда Астанада биылғы жылғы алғашқы үшем дүниеге келді. Үшемді осыған дейін егіз баланы туған келіншек босанды. Сәбилер №2 қалалық көпсалалы аурухананың акушерлік блогында жарық дүниенің есігін ашты, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Сәбилердің анасы Ажар Қабитова жұбайымен бірге 2020 жылы дүниеге келген қыздары мен 2022 жылы туған егіз балаларын тәрбиелеп отыр. Жас ана жүктіліктің 34-аптасында босанды. Сәбилерінің бәрі – ұлдар. Балалардың салмағы – 3 000 грамм, 2 300 грамм және 2 500 грамм. Жаңа туған нәрестелер бір аптаға жуық уақыттан бері №2 қалалық көпсалалы ауруханасында жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, балалардың денсаулығы жақсы, аздап салмақ қосып келеді. Ұдайы дәрігерлердің бақылауында. 24 қаңтарда үйлеріне шығарылады.
Сәбилерін дүниеге әкелуіне көмектескені үшін Ажар өзінің Instagram аккаунтында дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне алғысын білдірді.
«Астана қаласындағы №2 қалалық көпсалалы аурухананың медициналық персоналы мен акушерлік блок дәрігерлеріне, атап айтқанда, Ардана Айдарбекқызы мен Венера Усаинқызына алғысымды білдіремін», – деді ол.
Бұған дейін Қызылордада үшем дүниеге келген болатын. Олар анасымен бірге біршама уақыт дәрігерлер бақылауында болған соң, перзентханадан үйге шығарылды.
Жалпы оңтүстік өңір туу көрсеткіші бойынша алда келеді. Мысалы, былтыр Қызылорда облысында 11 мыңнан астам сәби өмірге келсе, соның ішінде келіншектер 171 егіз бен үш үшемді туған. Солардың бірі біз сөз етіп отырған Қазбековтер әулеті 6 қаңтарда осындай қуанышқа кенеліп, үшемнің анасы Ақбота бір сәтте көпбалалы ана атанды.
Мәжіліс кулуарында журналистер министрден елдегі мәйіт донорлығының жағдайы қаншалықты жақсарғанын сұраған.
«Халықтың пікірін біліп, олардың дайын екенін түсіну үшін денсаулық сақтау министрлігінің электронды тіркелімін әзірлеген. Ол eGov-та. Сол арқылы кез келген азамат өз тілегін білдіре алады. Бүгін 40 мың адам өз тілектерін білдірді, оның 6 мыңы (15%) тірі науқастарды құтқару үшін органын беруге келісті», — деді министр.
Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы ведомство үлкен ақпараттық жұмыс жүргізуді жалғастыратынын атап өтті. Ол сондай-ақ 2023 жылдың желтоқсанында екі донор тоғыз адамды құтқарған кезде трансплантация операциялары жүргізілгенін мысалға келтірді.
Ғинияттың айтуынша, қазір денсаулық сақтау министрлігі жаңа заң жобасын жазу үшін ақпарат жинап жатыр.
Министр өзі қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісетіндердің қатарында екенін айтты.