Түркістан облысы білім басқармасының есепшісі тексерістен кейін өзіне қол жұмсады

Мақтаарал ауданы бойынша аудандық білім бөлімінің есепшісі Экономикалық тергеу департаментінің тексеруінен кейін өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі. Оқиға 25 қаңтарда болған. Ақпаратты облыстық полиция департаменті растады. Мақтаарал аудандық полициясы ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының бірінші бөлігі «Өзін өлтіруге итермелеу» бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Түркістан облысының білім басқармасы іс жүзінде тексеру жүргізді. Экономикалық тергеу…

Толық оқу

Харьковты атқылаудан кейін ресейлік инженер өзін атып тастаған

Ресей Федерациясында «Алмаз-Антей» зымыран зауытының инженері  Антон Горобец Харьковтағы тұрғын үйге зымыран түскені үшін өзін атып өлтірді, — деп жазды ресейлік БАҚ. Белгілі болғандай, инженер өзіне қол жұмсау алдында хат қалдырған. Жазбасында ол «өзінің қолтаңбасы бар» зымыран екенін жазған. Ал ол үйде оның әжесі тұрған. Ол қаза болды. «Бірнеше күн бұрын менің қолымнан өткен зымыран…

Толық оқу

Алматыда жер сілкінгеннен кейін жер үй іздегендер күрт көбейді

Уақытша құбылыс Қаңтардың 22-сінен 23-іне қараған түні Алматы мен облыста жалға берілетін үйге сұраныс күрт артқан. Бірақ бұл бағаға әсер етпеген. 24 қаңтардағы мәлімет бойынша нарықта басқа өзгеріс жоқ. Пәтер сататындардың саны артпады, халықтың жаппай Астанаға ағылып жатқаны да байқалмайды. Талдаушылар берген мәлімет бойынша қысқа мерзімге жалға берілетін үй, саяжай алатындар көбейген. Жер сілкінгеннен кейінгі бір тәулікте сұраныс төрт…

Толық оқу

Астана тұрғыны егізден кейін үшемді босанды

18 қаңтарда Астанада биылғы жылғы алғашқы үшем дүниеге келді. Үшемді осыған дейін егіз баланы туған келіншек босанды. Сәбилер №2 қалалық көпсалалы аурухананың акушерлік блогында жарық дүниенің есігін ашты, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты. Сәбилердің анасы Ажар Қабитова жұбайымен бірге 2020 жылы дүниеге келген қыздары мен 2022 жылы туған егіз балаларын тәрбиелеп отыр. Жас ана…

Толық оқу

Ажар Ғинаят өзінің мүшелерін өлген соң донорлыққа беруге келісті

Мәжіліс кулуарында журналистер министрден елдегі мәйіт донорлығының жағдайы қаншалықты жақсарғанын сұраған. «Халықтың пікірін біліп, олардың дайын екенін түсіну үшін денсаулық сақтау министрлігінің электронды тіркелімін әзірлеген. Ол eGov-та. Сол арқылы кез келген азамат өз тілегін білдіре алады. Бүгін 40 мың адам өз тілектерін білдірді, оның 6 мыңы (15%) тірі науқастарды құтқару үшін органын беруге келісті», —…

Толық оқу