«Деструктивті діни ағым өкілдері»: Атырауда кәсіпкерлерді бопсалаған қылмыстық топ ұсталды
Атыраулық полицейлер кәсіпкерлерді бопсалаған қылмыстық топты ұстады, деп хабарлады polisia.kz. Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қылмыстық топты 6 желтоқсан күні ұстады. Олар жеке кәсіпкерлерден 10 млн теңге қаражатын бопсаламақ болған. Полицейлер 1991, 1996, 1996 және 1998 жылғы күдіктілер тобын 2 млн 600 мың теңге алу кезінде ұстады. Олардың деструктивті діни ағым өкілдері екендігі анықталды. Жәбірленушілерді…