Tag Archives: кәсіпкер

Алматыда 3 адам бетперде киіп, кәсіпкердің үйін тонап кеткен (ВИДЕО)

Polisia.kz
Криминалдық полиция қызметкерлері жеке кәсіпкердің үйіне жасалған қарақшылықты ашты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

«12 қыркүйекте күдіктілер маска тағып, жеке үйге кірген. Шығын 500 миллион теңгені құрады. Жедел жұмыс нәтижесінде Алматы қаласы және Алматы облысының үш тұрғыны ұсталып, қамауға алынды», — деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Тергеу барысында күдіктілердің биыл Алматы облысының аумағында және өткен жылы Алматы қаласында жасалған екі ұқсас ашылмаған қылмысқа қатысы бары анықталды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

«Еуропалықтар көріп күліп жатыр, намыстанып кеттім»: Анарбековке планшет сыйлаған кәсіпкер сынға қалды

Белгілі журналист Бибігүл Дәулетбек кәсіпкер Нұрлан Смағұловтың қақпашы Темірлан Анарбековке планшет сыйлағанын сынға алды. Ол өз ойын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

«Шіркін-ай, мына Смағұловтың қылығына таңғалдым. Өзі ұялмай ма екен осылай планшет ұстатқанға? Тіпті, сырттай отырып өзім ыңғайсызданып кеттім. Қай бетімен тапсырды екен? Әлде екі қолын бүркеп берді ме екен? Кеше ғана шетелде жүрген бір қазақ жігіт айтты: “Жанымдағы еуропалық достарым осыны көріп күліп жатыр, намыстанып кеттім” , — деді.

Мұндай күлкіге қалдырғанша, үшеуі жай ғана суретке түскендері дұрыс қой. Міндетті түрде кішкентай планшетті көрсету не үшін керек болды? Бұл мақтаншылық па, әлде астамшылық па?

Смағұловты қоя берейік, ол онсыз да жағдайы бар адам. Бірақ “Қайрат” клубының қожайыны Боранбаевтың Қайраты қайда қарап отыр? Осындай сәтте жас қақпашымыз Темірланға алақандай планшет ұстатып қоя салғандарына намыстанбады ма? Бүкіл әлем біздің қарадомалақ ұлымызды мойындап жатыр, Қазақстанды бір күнде танытты десек болады.

“Қайрат” клубы 11 миллиард табыс тапқанын елдің бәрі жазып жатыр. Қайреке, дәл осындайда мәрттігіңізді көрсетіп, шын қолдауды білдірсеңіз болмас па еді? Халық онсыз да сіздің бұрынғы әрекеттеріңіз үшін реніш танытып жүр», – деп жазды журналист.

«Мұсылмандардың көбі шошқалар»: Қарағандыда ұлтаралық араздықты қоздырған келіншек қамауға алынды

Фото: видеодан скрин

Қарағанды қаласында әлеуметтік желіде мұсылмандар мен қазақтарды қорлаған пікірлері үшін кәсіпкер Алика Мұхамадиева уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлігі, яғни ұлтаралық және діни араздықты қоздыру бабы бойынша айып тағылып отыр, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. 

Әлеуметтік желідегі арандатушылық 

Соңғы күндері Мұхамадиеваның Threads платформасында жариялаған жазбалары қоғамда наразылық тудырды. Ол қазақ ұлтының өкілдерін «мамбет», «қалбит», «қазақшасөйлешник» деп кемсітіп, мұсылмандарды «шошқа» деп атаған. Бұл мәлімдемелер әлеуметтік желіде кең талқыланып, жұрттың ашу-ызасын туғызды.

Қоғамның реакциясы және кешірім сұрау

Қоғам тарапынан үлкен қысымға тап болған кәсіпкер Threads парақшасын өшіріп, кейін Instagram желісінде кешірім сұрап видео жариялады. Онда ол: «Мен қатты өкінемін», – деп ақталуға тырысқанымен, көпшілік оны кешірмеді. Желі қолданушылары оның әрекетін заң аясында жауапқа тартуды талап етті.

Құқық қорғау органдарының әрекеті

Бүгін тәртіп сақшылары Алика Мұхамадиеваны ұстады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында. Қылмыстық іс аясында оған қатысты бұлтартпау шарасы әзірге белгіленбеген.

Заң аясындағы жауапкершілік

Қазақстан заңнамасына сәйкес, ұлтаралық және діни араздықты қоздыру Қылмыстық кодекстің 174-бабымен жазаланады. Аталған бап бойынша кінәлі деп танылған адамға айыппұл салу, бостандығын шектеу немесе 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Бұған дейінгі ұқсас жағдай

Айта кетейік, 2024 жылдың мамыр айында Солтүстік Қазақстан облысында Жансұлу Дархамбаева дәл осы бап бойынша кінәлі деп танылып, екі жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Бұл оқиға да әлеуметтік желіде үлкен резонанс туғызған еді.

Кәсіпкер Мұрат Боранбаев ұсталды

Фото: ҚР ҚМА

Ол аса ірі көлемде мемлекет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінген. Бұл ақпаратты ҚР Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

Мұрат Боранбаевқа қатысты іздеу жарияланғаны туралы ақпарат құқықтық статистика органдары порталында 2 жыл пайда болған еді. Іздестіретін орган ретінде Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті көрсетілген.

БАҚ-та Мұрат Боранбаев кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың ағасы екені айтылып жүр. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алулар сайтында Мұрат Боранбаев 2017 жылы AlanParking ЖШС басшысы болып тіркелгені туралы ақпарат бар.

Айта кетейік, ақылы паркингті май-шелпекке айналдырған A-Parking компаниясының экс-басшылары 2023 жылы сотталды. Сот үкімімен автотұрақ қызметін басқаратын «Алматы спецтехпаркинг сервис» директоры Марат Пірінбеков 5 жылға, ал сол серіктестікке қарайтын AlanParking компаниясының басшысы Мұхтар Базарбаев 6,5 жылға сотталды.

Кәсіпкер Қайша Керей қатерлі ісіктен қалай айығып кеткенін айтты (ВИДЕО)

Кәсіпкер Қайша Керей Динара Сәтжанға берген сұхбатында ана-енесімен қалай араздасып, артынша қалай татуласқанын айтып берді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап. 

«Жолдасым мен Қазақстанға кеткен соң артымнан келді. Оның ата-анасы бізбен араласпай қалды, ренжіді. Алтайда бізге шай құйып қал деді. Бірақ мен Алтайдан әрең шығып, Қазақстанға келгенімді айттым. Қалмаймын дедім. Мен онкологияға шалдыққанда жолдасым әпкесі арқылы оларға «менен үміт үзіңдер, мен енді Алтайға бармаймын» деген. Әйелім өліп кетсе де қайтпаймын, осында қаламын деген. Қуаныш өз ата-анасынан сол кезде бірінші рет мені емдетуге ақша сұратқан», — деді Қайша Керей.

Кәсіпкердің айтуынша, ол дертіне не себепті шалдыққаны туралы көп ойланған. Ата-ананың разылығы деген дүние туралы да осы кезде ойлаған.

«Ата-енем маған риза болған жоқ, сондықтан маған қарғысы тиді деп ойладым. Кімдікі дұрыс, бұрыс деген дүние маңызды болмады. Ол кісілердің разылығын алайын деп өзім хабарластым. Бір жарым жылдан кейін солай бірінші рет сөйлестік. Мен ауырып қалғанымды айтып, сіздерді ренжітсем, кешіріңіздер дедім. Олар екеуі жылап жіберіп, бізді де кешір деді. Өмірімде бірінші рет ата-енем «қызым» деп сол кезде айтты. Осы сынақтан кейін барлығымыз тату болып кеттік», — дейді Қайша Керей.