
Ерке Есмахан үйін жинатамын деп көпшіліктен сөз естіді
Танымал әнші Ерке Есмахан үйін жинатамын деп сынға қалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Өнер иесі клининг компаниясының директоры Нұрхан Нұрмаханбетті командасымен шақырып, үйін тазалатқан еді. Алайда әншінің оқырмандары әлеуметтік желіге салу әбестік екенін ескерткен. “Қазақпыз ғой, осындай адам жұмсағанды салмаған дұрыс. Ол саған малай емес. Оның да ағайыны көреді”, – деп жазды желі қолданушысы….