Tag Archives: Израильді

АҚШ Украина мен Израильді қолдауды күшейтеді

АҚШ Сенаты Украина мен Израильді қаржылай қолдау жөніндегі заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.

Құрама Штаттардың сенаторлары Украинаға, Израильге және АҚШ-тың оңтүстік шекарасын нығайтуға көмектесу мақсатында қаражат бөлу үшін жалпы сомасы 118 млрд долларлық қосымша қаржыландыру жөнінде қоспартиялық заң жобасына келісім берді.

Құжатқа сәйкес, Украинаны қолдауға 60,06 млрд доллар, Израильге қаражат жағынан көмектесуге 14,1 млрд доллар, Мексикамен шекарадағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 20,23 млрд доллар, АҚШ-тың Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы серіктестерін қолдауға 4,83 млрд доллар, Құрама Штаттардың орталық қолбасшылығына 2,44 млрд доллар мен Қызыл теңіздегі операцияларға 2,44 млрд доллар берілетін болады.

АҚШ президенті Джо Байден заң жобасын қолдап, Конгрестен оның қабылдануын кешіктірмеуді өтінді.

 

Қазақстан Израильден басып алған аумақтардан шығуды үндеген қарарды қолдады

Резолюция авторлары Израильден басып алынған аумақтардан шығуды талап етеді, деп хабарлайды Qazaq.today  Ulysmedia.kz-сілтеме беріп. 

БҰҰ Бас ассамблеясы Израильді Голан шыңынан шығуға шақыратын қарар қабылдады.

Резолюция авторы ретінде Корей Халық Демократиялық Республикасы, Кувейт, Ливан, Мавритания, Алжир, Венесуэла, Египет, Иордания, Йемен, Катар, Сирия Араб Республикасы және Тунис танылды.

Сессия барысында қарардың қабылдануына 91 мемлекет дауыс берді, оның ішінде Қазақстан да бар. Сегіз ел қарсы дауыс берді, тағы 62 ел қалыс қалды.

Голан шыңдары шамамен 1800 шаршы шақырымды аумақты құрайды. 1967 жылғы соғысқа дейін Сирияның құрамында болған. Соғыс барысында Израиль биіктіктерді бақылауға алып, кейін Голанды еврей мемлекетінің құрамына заңды түрде енгізетін заңнаманы қабылдады. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі бұл қадамды айыптаған еді.

Голан жоталарында 40 мыңға жуық адам тұрады. Жартысына жуығы еврей қоныстанушылары, қалғандары друздар және аздаған алауиттер. Друздар араб халықтарына жатады және исламның бір тармағын ұстанады.

Сирия әлі күнге дейін Голан жоталарын өз шекарасы деп санайды және оны қайтару Израильмен бейбіт келісімге қол қоюдың ең маңызды шарты болып табылады.

фото: Euronews

Qazaq.today