Tag Archives: іздестіру

Жоғалған тікұшақ: Іздестіру жұмыстары қалай жүріп жатыр?

Фото: Қорғаныс министрлігі

Іздестіру жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында хабарлады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.   

Алматы облысындағы Сорбұлақ су қоймасы маңында жоғалған EC-145 әскери тікұшағын іздеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

– Тікұшақтың жоғалғаны туралы ақпарат түскен бойда Алматы қаласынан ТЖМ-нің екі тікұшағы іздестіру жұмыстарына тартылды. Аумағы толық шолынды, нәтижесінде тікұшаққа тиесілі болуы мүмкін бөлшектер табылды. Қазір Сорбұлақта іздестіру жалғасып жатыр. Негізгі жұмыстарды Қорғаныс министрлігі атқарып жатыр, біздің бөлімшелер де тартылған. Алдағы 1–2 күнде тікұшақты табамыз деп үміттенеміз, – деді вице-министр.

Еске сала кетейік, 25 шілдеде Қазақстан Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштеріне тиесілі EC-145 тікұшағы жоспарлы ұшу кезінде радардан жоғалып кеткен болатын.

26 шілдеде құтқарушылар тікұшақтың кейбір бөлшектерін тапты. Қазіргі таңда тікұшақ бортында болған адамдардың тағдырын анықтау мақсатында Сорбұлақ маңында тәулік бойы күшейтілген режимде ауқымды іздестіру-құтқару операциясы жүргізіліп жатыр.

Алматы тауларында 20 жастағы жігіт іздестіріліп жатыр

Фото: Pixabay

Алматы маңындағы тауларда 20 жастағы жігіт жоғалып кетті. Сол күні кешкі сағат 23:02-де Медеу ауданында іздестіру-құтқару жұмыстары басталды, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

Жігіт жоғалған күні тауда нөсер жаңбыр, бұршақ жауған, ал 4000 метр биіктікте қар түскені анықталған.

Құтқарушылар «Жастар» (4147 м), Титова және Т1 шыңдарын тексеріп шыққанымен, әзірге нәтиже жоқ. Операцияға Республикалық жедел-құтқару жасағының мамандары мен «Медеу», «Тұйық-Су» бекеттерінің құтқарушылары тартылды.

Іздестіру штабы Мыңжылқы шатқалында орналасқан. Қазіргі таңда дрондар мен иісшіл иттер жұмылдырылған.

– «Қазавиақұтқару» тікұшағы ұшуға дайын болғанымен, қолайсыз ауа райы – 1800 метрден жоғары қалың бұлт, найзағай мен секундына 20 метрге жететін қатты жел – әуеден іздестіруге мүмкіндік бермей отыр, – делінген ТЖД хабарламасында.

Ақтауда 15 жастағы қыз табылмай жатыр

Ақтау қаласының маңында 15 жастағы Нұрсая Құралбаеваны бес күннен бері іздеп жатыр. Қыз бала колледжге кеткеннен кейін қайта оралмаған, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Волонтерлердің мәліметінше, Нұрсая Құралбаева Мұнайлы ауданындағы Бiрлiк көшесінде орналасқан жеке үйде тұрады. Ол 15 қазан күні таңғы сағат 08:00 шамасында Ақтаудағы политехникалық колледжге оқуға кеткен.

Жоғалған қыздың белгілері: орта денелі, ұзын қара шашты, бойы шамамен 165-170 сантиметр. Үстінде қара желет, қара шалбар және ақ жолақтары бар қара кроссовка болған.

Нұрсая туралы қандай да бір ақпаратты білетін адамдардан +7 (700) 911-72-92 немесе 102 нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз.

Фото: Волонтерлер ұсынған фото

Майқайыңда апатында жоғалған төртінші адамның денесі табылды

Фото: Павлодар облыстық ТЖД

25 шілдеде құтқарушылар Майқайың кенішінде жердің астына түсіп кеткен төртінші адамды тапты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Автобустың бөлшектерін шығару үшін ТЖД құтқарушылары және шахта қызметкерлері опырылған топырақ пен тастың құлау қаупіне қарамастан жұмыс істеді.

Оның барысында сағат 16:05–те экскаватор арқылы топырақты бөгеу кезінде 75 метр тереңдіктен машинистің денесі табылып, сараптамаға жіберілді.

Іздеу-құтқару жұмыстары тәулік бойы және айтарлықтай үлкен қауіппен жүргізілгенін атап өткен жөн.

Тау жыныстары мен топырақ үнемі сырғып түсіп жатты. Жұмысқа әртүрлі қызметтердің 200-ден астам қызметкері тартылды.

180 мыңнан астам тонна тау массасы шығарылды.

«Бұл шағын экскаваторға автобустың орналасқан жеріне түсіп, жұмысты бастауға мүмкіндік берді. Шұңқырдың шетінен топырақ пен тау жыныстарының қозғалысы мен құлауын бақылау жүргізілді. Құтқарушылар шұңқырдың түбіндегі экскаваторлар мен басқа мамандардың жұмысын сақтандыру мен қауіпсіздікті үнемі қамтамасыз етіп отырды. Авариялық-құтқару ережесі мен қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, жанармай, тамақ, маркшейдер — мамандарды түсіру, сондай-ақ табылған заттар көтерілді» дейді ТЖМ баспасөз қызметінен.

Мамандар топырақты металл детекторымен, геосканермен және магнитометрмен үнемі сканерлеп отырды.

Сонымен қатар оқиға орнында кинологиялық топтар жұмыс істеді.

Петропавлда суға батып кеткен бала 5 күннен бері табылмай жатыр

Фото: Pixabay

Петропавлда өзен суына батып кеткен 10 жастағы баланы іздеу жұмыстары бесінші тәулік жалғасып жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат агенттігі.

Өткен жұмада Петропавлдағы Есіл өзенінде төрт бала ойнап жүрген. Бір сәтте олардың бірі иірімге түсіп, жоғалып кеткен.  Іздестіруге 50-ден астам құтқарушы, ерікті мен полиция қызметкерлері жұмылдырылды, су және әуе дрондары тартылған.

СҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Әлібек Боранбаев іздеу шаралары жүріп жатқанын, су тасқынынан кейін судың лас екенін мәлімдеді.