Адвокат жұртты пара беруге итермелегені үшін 11 жылға сотталды
Адвокат алаяқтық және пара беруге итермелегені үшін сотталды, деп хабарлады Qazaq.today тілшісі. Сотталушы өз қорғауындағы азаматтардың мүддесінде өкілдік ету барысында пайда табу мақсатымен бірнеше рет алаяқтық жасап, оларды аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу арқылы жалпы 164,9 млн теңгені иемденген. Адвокат алқабилерді аударылған қаражатты өз жұмысы үшін ақы ретінде алғандығына сендіруге тырысқан, алайда мемлекеттік айыптаушы…