«Жұмыс істемей 90 миллион теңге жалақы алған» — Атырау облысында мектептің 41 қызметкері тексеріліп жатыр
12 мектептен жұмыс істемейтін 41 адамға 90 млн теңге жалақы аударылған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлайды. Агенттіктің Атырау облыстық департаменті Превенция басқармасының басшысы Жәнібек Қаражановтың айтуынша, білім саласында сыбайлас жемқорлық бар. «Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа сыртқы талдау жүргізілді. Нәтижесінде, 10-ға жуық дерек анықталды. Осыған байланысты 26 ұсыным енгізілді. Атырау облысындағы 12…