Енді Қытай азаматтары Ресейге 30 күнге визасыз бара алады
Сурет: Qazaq.today Ресей президенті Владимир Путиннің жаңа жарлығына сәйкес, Қытай азаматтары туристік немесе іскерлік мақсатта Ресейге 30 күнге дейін визасыз бара алады. Бұл шара 2026 жылғы 14 қыркүйекке дейін күшінде болады,-деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы. Алайда бұл жеңілдік барлық мақсаттарға қолданылмайды. Жұмыс істеу, оқу немесе тұрақты тұру үшін Ресейге келетін Қытай азаматтарына визасыз режим қолданылмайды….
