
Тоқаев Ақордада Ильхам Әлиевті салтанатпен қарсы алды
Фото: Ақорда «Ақорда» резиденциясында елімізге мемлекеттік сапармен келген Әзербайжан Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді. Бұдан соң екі елдің әнұрандары орындалды.