Іле-Алатау ұлттық паркіндегі өртті сөндіруге тікұшақ тартылды
Фото: Қазәуеорманқорғау Бүгін шамамен сағат 12:15 кезінде Іле-Алатау ұлттық паркінің аумағында өрт шықты. Өртті сөндіру жұмыстары сағат 13:05–те басталды. «Қазәуеорманқорғау» Алматы авиациялық бөлімшесінің басшысы Бекзат Байшаловтың айтуынша, оқиға орнында өрт сөндіру топтары жұмыс істеп жатыр. Барлығы 8 арнайы техника, 1 өрт сөндіру тікұшағы және 25 адамнан тұратын жеке құрам тартылған. — Өрт деңгейі орташа деп бағаланды….
