Tag Archives: Денсаулық

«Күні-түні дұғадамыз»: Айтыскер Айнұр Тұрсынбаеваның туған сіңілісі қиын жағдайға тап болды

Фото: Instagram/Ардақ Тұрсынбаева

Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның туған сіңілісі Ардақ Жексенбайқызы отбасындағы қиын жағдаймен бөлісті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Бұл туралы ол желідегі парақшасында мәлімдеді.

 

«Бір өліп, бір тірілдім. Қазір Аллаға шүкір бәрі артта қалды. Анам бір күн бұрын аяқ-қолым сырқырап тұр дегенде аса қатты мән бермедім. Өйткені үлкен кісілерде артроз, артриттің болуы қалыпты жағдай ғой.

 

Бірақ тексерістен өткізіп, анализдерін тексеріп кеткен едім. Сөйтсем анамыз дұрыс жеткізбеген екен. Аяқ-қолы ұйып инсульт белгілері байқалған екен.

 

Анамызда осындай жағдай болған соң, жанынан табылуымыз қажет болды. Күндіз-түні дұға еттік. Мен болмасам да, Айнұр сен болуың керек. Команда күтеді деп әрең көндірдім. Жылаған жасын жүрегіне жасырып, Айнұр жобада болды…

 

Есімізді енді ғана жиып жатырмыз. Барлық қорқыныш артта қалды», — деп жазды ол.

 

«Жанұямызбен ауырып қалдық»: Ерке Есмахан қынжылысын жеткізді

Фото: @erke_esmahan
Әнші Ерке Есмахан желідегі парақшасында жай-күйін айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Уәде етілген концертінде төбе көрсетпеген ол ауырып қалғандарын хабарлады.

 

«Мен сіздерді қатты сағындым. Бір апта бойы жанұямызбен кезектесіп ауырып шықтық. Ауырған соң біраз жоспарлар ауысып, көңіл түскен сәттер де болды. Қалай болғанда да бәрі хайырымен. Ауырмай, аман жүріңіздер. Ең көңілім түскен кез жеке концертке бара алмай қалдым. Үлкен сахнада ән салуым керек еді. Өзім болмасам да әнімді қосыпты, көзіме жас келді», деді әнші.

 

Сара Назарбаеваның денсаулығына қатысты тың әрі ресми жаңалық жария болды

Фото: РБК

Мұндай тосын деректі экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады. Ол соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен кейбір БАҚ-та тараған ақпаратқа қатысты ресми түсінік беріп өтті, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. 

Оның сөзінше, Сара Алпысқызы бірнеше айдан бері ем алып жатыр.

– Сара Алпысқызы Назарбаева сәуір айынан бастап Алматы қаласындағы Президент Іс басқармасы Медициналық орталығына қарасты Ұлттық госпитальде ем қабылдап келеді. Барлық медициналық шара бекітілген стандарттарға сай және отандық мамандардың бақылауында жүзеге асырылып жатыр, – деді Айдос Үкібай.

Ол көпшілікті Сара Назарбаеваға байланысты тексерілмеген ақпаратты таратпауға, негізсіз пайым жасамауға шақырды.

«Мәліметтерді тек ресми дереккөздерден алуларыңызды сұраймын» деп қоса кетті экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы.

«Баланы аман алып қалуға болар еді»: Таразда дәрігерлердің салғырттығынан 6 жасар бала көз жұмды

Фото: видеодан скрин

Жамбыл облысында 2019 жылы дүниеге келген 6 жасар Жолшыбек Әли Еламанұлының өлімі қоғамда ауыр резонанс туғызды. Баланың анасы дәрігерлердің салғырттығы мен немқұрайлылығы салдарынан ұлын аман алып қала алмағанын айтып, көмек сұрап отыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Анасының айтуынша, Әли 29 қыркүйектен бастап ауырған. Бірақ учаскелік дәрігер бірнеше күн бойы үйге келіп, нақты көмек көрсетпеген. Тек ананың жалынып, тізерлеп сұрауынан кейін ғана 7 қазан күні бала ауруханаға жатқызылған. Алайда дәл сол күні дәрігерлер баланың нақты диагнозын анықтамай, тек «Креон» дәрісін ғана берген.

Бүгін, 10 қазан күні, бала қайтыс болды. Анасының айтуынша, егер дәрігерлер алғашқы күннен тиісті көмек көрсеткенде, баланы аман алып қалуға болар еді.

Интернет қолданушыларының жүрегі езіліп, желіде мыңдаған пікір қалдырылды: «Бала анасымен жату керек еді, осыны көтерейікші!» «Обал-ай, анасының жанында жатқызса ғой…».

Бұл оқиға — еліміздегі денсаулық сақтау саласындағы жүйелі немқұрайлылықтың айғағы. Анасының көз жасы — жай ғана жеке трагедия емес, жауапкершіліксіздікке қарсы қоғамның үнсіз айқайы.

Джо Байденнен қатерлі ісік анықталды

АҚШ саясаткерлері 3-4 күн бұрын қойылған диагнозды естіген сәтте әріптесіне қолдау білдірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Байденге берілген дерт ағзаға таралып үлгерген, яғни сүйекке метастаза берілген. Ауру агрессивті саналғанымен, оны емдеуге болатыны айтылып отыр.

Экс-президент пен оның отбасы осы күні емдеудің түрлі нұсқасын дәрігерлермен бірге талқылап жатыр.

Тосын жайтқа президент Дональд Трамптан бастап, вице-президент Камала Харрис және экс-президент Барак Обама, т.б. саяси қайраткерлер қолдау танытып, тілектестіктерін білдіруде.

– Мелания (АҚШ-тың бірінші ханымын айтады) екеуміз Джо Байденнің медициналық диагнозы туралы естігенде қатты уайымдадық. Біз Джилге (АҚШ-тың бұрынғы бірінші ханымы) және бүкіл отбасына шынайы тілектерімізді білдіреміз және Джоның тез сауығып кетуін тілейміз, – деп ағынан ақтарылды Трамп.

Сонымен қатар, АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама да Байденнің қатерлі ісікке табандылықпен жауап беретініне сенеді.

– Мишель екеуіміз Байден отбасы үшін алаңдаулымыз. Қатерлі ісікке қарсы жаңа емдеу әдістерін іздеуде Джодан көп еңбек сіңірген адам жоқ. Ол бұл дертпен өзіне тән табандылықпен, сабырлығымен күресетініне сенімдімін. Біз оның тез әрі толық айығып кетуіне тілекшіміз, – деп жазды ол X әлеуметтік желідегі парақшасында.

АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Камала Харрис те Байденге қолдау білдіріп, күрескер екенін еске салып, сауығып кетуіне тілекші екенін жазған.

– Дуг екеуміз президент Байденнің қуық асты безінің қатерлі ісігіне шалдыққанын естігенде қатты қамықтық. Біз оны, доктор Байденді және оның бүкіл отбасын осы қиын кезеңде жүрегімізде ұстаймыз. Джо – күрескер, мен оның бұл сынақты сол күш-жігердің арқасында жеңетінін білемін. Біз оны толыққанды әрі тезірек сауығып кетеді деп үміттенеміз, – деп жазды Харрис.