Қазақстан ХАМАС-ты террористік ұйым деп тани ма – СІМ жауабы қандай?
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан ХАМАС ұйымын террористік ұйымның қатарына қоса ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап. Ведомстводағы брифинг барысында Смадияров Қазақстан Израиль мен Палестина арасында шиеленіскен мәселені бейбіт жолмен шешуді жақтайтынын мәлімдеді. «Бейбіт тұрғындардың құрбан болуына әкеп соқтырған Палестина-Израиль қақтығысының шиеленісуі жағдайында біз тараптарды жағдайды бейбіт…