
Астанада той жүргізіп жүрген алаяқ тамада ұсталды
Елордада алаяқтық дерегі бойынша полицияға тұрғындардың бірі арыз түсірді. Жәбірленуші белгісіз азаматқа той жүргізу қызметі үшін алдын ала төлем жасап, ақыры алданып қалғанын хабарлаған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Оқиға былай болған: азамат «OLX» онлайн-платформасынан тамада қызметіне қатысты жарнаманы көріп, көрсетілген нөмірге хабарласқан. Кейін екеуі жеке кездесіп, алдағы іс-шараның барлық егжей-тегжейін талқылаған. Содан кейін «асаба»…