«Эмоциямен айттым»: Gusto мейрамханасының әкімшісі халықтан кешірім сұрады (ВИДЕО)
Фото: Видеодан алынған кадр «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортындағы Gusto мейрамханасында қазақ тілінде қызмет көрсетуден бас тартқаны үшін сынға ұшыраған әкімші көпшілік алдында кешірім сұрады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Елена есімді әкімші заңгер Мейірман Шекеевпен кездесіп, оның Instagram парақшасы арқылы халықтан ресми түрде кешірімін жеткізді. «Өз сөздерім үшін отандастарымнан кешірім сұраймын. Мен де Қазақстан азаматы…
