Тоқаев Германия президентін құттықтады

Фото: akorda.kz Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасының президентіне құттықтау жеделхатын жолдады.   Мемлекет басшысы президент Франк-Вальтер Штайнмайерді Германия бірлігі күнінің 35 жылдығымен құттықтады. Президент бүгінде Германия әлемдік аренада беделді әрі ықпалды мемлекет саналатынын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқынын жоғары бағалап, Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық серіктестік одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Толық оқу