Парижде Эммануэль Макронның әйелі туралы жалған ақпарат таратқан 10 адам сотталып жатыр

Фото: РБК Парижде Франция президенті Эммануэль Макронның жұбайы Брижит Макронға кибербуллинг жасау фактісі бойынша сот отырысы басталды. Іс бойынша 41 бен 65 жас аралығындағы сегіз ер адам мен екі әйел айыпталып отыр, деп хабарлайды ВВС. Тергеу мәліметінше, айыпталушылар әлеуметтік желілерде Брижит Макронды ер адам болып туған деп жалған ақпарат таратқан. Сондай-ақ олар президент пен жұбайының…

Толық оқу

Францияда тағы бір музей тоналды

Тергеушілер соңғы айларда мұндай жағдайлардың жиілеп кеткенін мәлімдеді. Францияның солтүстігіндегі Лангр қаласындағы «Дени Дидро ағарту үйінен» XVIII ғасырдағы алтын және күміс монеталардың шамамен 2000 данасы бір түннің ішінде ұрланып кетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы BILD басылымының мәліметтеріне сілтеме жасап. Мамандардың айтуынша, бұл монеталардың көпшілігі бірегей үлгілерге жатады. Алдын ала деректер бойынша, қылмыскерлердің әрекеттері…

Толық оқу

Франция Палестина мемлекетін ресми мойындады

Фото: istockphoto.com Франция президенті Эммануэль Макрон БҰҰ мінберінен «бейбітшілік мүддесінде» Палестина мемлекетін ресми түрде мойындағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. BBC-дің мәліметінше, алдағы дүйсенбіде жыл сайынғы БҰҰ Бас Ассамблеясы қарсаңында өтетін саммитте тағы бірнеше мемлекет Палестина тәуелсіздігін ресми мойындайды деп жоспарланып отыр. Канада, Аустралия, Ұлыбритания және Португалия жетекшілері жексенбі күні өз елдерінің Палестина…

Толық оқу

Францияда 200-ден астам адам қамауға алынды

Фото: Pixabay Францияда «Барлығын бұғаттау» атты акция басталды. Қызметінен кетіп бара жатқан ішкі істер министрі Брюно Ретайоның айтуынша, ел бойынша шамамен 80 мың құқық қорғау органы қызметкерлері бронетехника мен тікұшақтардың көмегімен жұмылдырылған, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. AZƏRTAC агенттігінің хабарлауынша, шамамен 200 адам қамауға алынған. — Жағдайды шешу үшін елуге жуық шара қолданылды, — деп мәлімдеді Ішкі…

Толық оқу

Францияда соңғы 76 жылдағы ең ауқымды орман өрті тіркелді

Фото: Pixabay Францияның оңтүстігіндегі Уаза департаментінде бір тәулікте 16 000 гектар орман алқабы өртке оранды, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. Өрт болған өңірге Премьер-министр Франсуа Байрумен бірге барған Ішкі істер министрі Брюно Ретайо апаттың ауқымын растады. – Бұл – 1949 жылдан бері Францияда тіркелген ең жойқын орман өрті, – деді министр. Анықтама үшін: 1949 жылы…

Толық оқу
Яндекс.Метрика