Шабыт–2025: 800-ден аса жас өнерпазды тоғыстырған шығармашылық мереке басталды
Фото: Астана әкімдігі Астанада Қазақ ұлттық өнер университетінің үлкен концерт залында «Шабыт» ХХVIII халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің салтанатты ашылуы өтті. Фестиваль жыл сайын жас өнерпаздар үшін маңызды шығармашылық алаңға айналып, елордадағы ең ірі мәдени жобалардың бірі ретінде танылып келеді. Биылғы өнер додасына 800-ден астам жас қатысты. Олардың қатарында Қазақстанның барлық өңірінен келген таланттармен бірге 9…
