Tag Archives: Ержан Бабақұмаров

Алматы әкімінің экс-орынбасары Ержан Бабақұмаровты ұрып өлтіріп кетті

Фото: Ақжайық 

1990 жылдардан бері елде әртүрлі мемлекеттік қызметтерді атқарған Ержан Бабақұмаров Астанада қайтыс болды. Полиция мәліметінше, бұрынғы шенеунік соққыға жығылған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Желіде Ержан Бабақұмаровты әлдекімдер ұрып-соғып, өлтіріп кетті деген ақпарат тарады. Қайғылы жағдай 30 қазанға қараған түні болған. Бабақұмаров таныстарымен бірге кеш өткізген. Жиналғандардың арасында жанжал туып, соңы төбелеске ұласқан. Салдарынан алған дене жарақаттарынан Бабақұмаров көз жұмған.

Ержан Бабақұмаров 1969 жылы 2 наурызда Талдықорған облысында дүниеге келген. Саясаттану ғылымдарының докторы.

1996 жылдан бері мемлекеттік қызметте жұмыс істейді. Президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары және ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі қызметтерін атқарды. Сондай-ақ, жауапты хатшы және мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметтерін атқарды. Ол Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары, Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры, Мемлекет басшысының кеңесшісі — Президент Әкімшілігінің Талдау және болжау орталығының басшысы қызметтерін атқарды.