Tag Archives: ене

Жүсіп Ақшораның келіні қайын атасы туралы ел естімеген шындықты айтты (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Әлеуметтік желіде танымал әзілкеш әрі актер Жүсіп Ақшораның келіні, блогер Динара Сайлаубайқызымен бірге түскен жылы әрі мейірімге толы бейнежазбасы көпшіліктің көңілін елжіретті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Видеода қайын атасының келініне деген қамқорлығы мен жылы қарым-қатынасы айқын көрініс тапқан. Ал келіні Динара Сайлаубайқызы бейнежазбамен бірге жүрекжарды жазбасын қалдырды.

 

«Көмекші қайын ата. Шынында көмектесіп жүретін Атам ғой. Аллаға сансыз шүкір осындай барлық сырымды бөлісе алатын алтын атамның барына», – деп жазды ол.

 

Көпшілік қайынатасының қамқорлығына таң қалып, жылы пікірлер қалдыруда.

 

«Осындай жанашыр қайын ата барша қыз-келіншекке бұйырсын!», «Жүсіп ағамыз қартаймайды», «Өз әйеліне осылай қарады ма екен», «Бұлай көмектесіп жатқаны бірінші рет емем, үнемі келініне жаны ашып, көмектесіп жүреді», деп жазды көпшілік.

 

«Келін мен ененің бірге тұруы дұрыс емес» — Актриса Күннұр Қалмырзаева (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

“Шаншар” әзіл-ысқақ театрының актрисасы Күннұр Қалмырзаева ене мен келіннің бір шаңырақта тұруы қате екенін айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Бұл туралы ол “Қайықта” бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

”Келін мен ененің бір шаңырақ астында тұрғаны қате деп есептелінеді. Өзімнің жасым 50-ге келіп қалды. Құрбы, құрдастарым қыз ұзатып, келін түсіріп жатыр. Соларға “неге ұстайсың” деймін. Қазір қыздың да, ұлдың да көзі ашық, көкірегі ояу. Ол күнде интернетті, тик токты көреді. Барлығы керемет өмір сүріп жатыр. Сенің келінің ғана керемет өмір сүрмей жатыр, өйткені сен ене болып отырсың. Оны жұмсайсың, өзің қалаған нәрсені жасатқың келеді. Ал ол өзінің қалаған нәрсесімен өмір сүргісі келеді. Сенің бетіңе келіп баж дегісі келмейді. Себебі, балаңды жақсы көріп отыр. Сол себепті мен “жібер, өмір сүрсін, көрсін. Сен еңкейіп, өз өміріңді өзің жасай алмай отырған жоқсың ғой. 80,90-ға келгенде балаңның өзі жаны ашып келер. Ұстамаңдар” деймін. Менің қазіргі ойым келін мен баланы ұстамаңыздар. Өйткені, бұрын күн көре алмағандықтан бәрі бір әулетте өмір сүрген. Ал қазір күнкөріс мүлдем басқаша”, — деді актриса.

 

Толқын Забирова қандай келін қалайтынын айтты

Фото: видеодан скрин

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, эстрада жұлдызы Толқын Забирова болашақ келініне қандай талаптар қоятынын айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Әнші бұл жайында «Бүгін LIVE» бағдарламасына берген сұхбатында баяндады.

«Қандай келін керек маған? Ол қандай болу керек? Ата-ананың тілегі: бір-бірінің тілін тапса, сыйластықпен өмір cүрсе, одан артық маған ешнәрсе керек емес. Ешқандай талап қоймаймын. Ұлымның таңдауын қабылдаймын. Ана еш уақытта кері жүрмеуі керек, әр адамның өзінің сезімі бар. Әр адам жүрегін тыңдауға тиіс. Тәулігіне 24 сағат әңгіме айтсақ та, мен оны түбіне дейін түсінбейтін шығармын. Ол басқа отбасында тәрбие алған адам. Менің балам қабылдады ма, мен үшін ол табу, талқыланбайды», – деді Толқын Забирова.

 

«20 жыл ақшамызды енем ұстады»: Мирас пен Құралай отбасылық өмірлерінен сыр шертті

Мирас пен Құралай 25 жыл отасқан өмірі жайлы шынайы сұхбат беріп, көпшілікке үлгі боларлық отбасылық ұстанымдарын бөлісті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Әнші Мирас пен жары Құралай отбасылық бюджеттің басқаруы мен үлкенге деген құрмет жайлы пікірлерін айтты. 25 жыл ата-енеммен бірге тұрып жатырмыз ба, 20 жылында ақшаны енем ұстады деді Құралай.

«Анам мен ұстайын деп айтқан емес, өзіміз апарып отырдық. Берекелі болады ғой. Ол жақсы ұстайды, кеше ғана алдың ғой, тағы не сұрап тұрсың дейтін. Сосын жақында өзімізге табыстады. Енді ақшаларыңды өздерің ұстаңдар деді. Ол да оңай емес», – дейді Мирас.

Бүгінде енесінің жасы – 73-те. Ол ұлы мен келініне жауапкершілік жүктеп: «Мен тірі кезімде өздерің ұстауға үйреніңдер», – деп ақшаны енді оларға табыстаған.

Құралай 25 жылдан бері ата-енесімен бірге тұрып келе жатқанын, енесіне келін емес, қызындай қарауға тырысатынын айтты.

«Келін сол үйге өзі келеді. Ешкім күштемейді. Келін сол үйдің берекесін, бақытын сақтап отыруға келеді. Сондықтан әр сөзге мән беріп, тырнақтың астынан кір іздемеу керек. Мен де осы шаңыраққа күліп келіп, қызындай болып отырмын», – деді Құралай.

Ол сондай-ақ 10 жыл бойы абысынды болып, Мирастың ағасы мен жеңгесімен бірге бір шаңырақ астында тұрғандарын айтты.

Отбасының тұрақтылығы – құрмет пен сенімде

Мирас пен Құралайдың бұл әңгімесі әлеуметтік желі қолданушыларын да бейжай қалдырмады. Пікір қалдырушылар көп балалы, бірлікті отбасын үлгі етіп, «Қазақы тәрбиенің керемет көрінісі», «Берекелі үйдің белгісі» деген сынды жылы пікірлерін қалдырды.