
Экс-вице-министр Ерлан Қожағапанов сотталды
Астанада бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановқа қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды. Бұл туралы елордадағы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта белгілі болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Судья Қанат Тобағалиұлының төрағалығымен өткен процесте Қожағапанов Қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы («Лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану») бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды….