
Едіге Емберді әлем чемпионатында жеке рекордын жаңартты
Фото: inbusiness.kz Қазақстандық спортшы Норвегияда өтіп жатқан әлем чемпионатында 6-нәтиже көрсетті. Фёрде қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында қазақстандық жас спортшы Едіге Емберді 79 келі салмақ дәрежесінде 6-орынға ие болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы inbusiness.kz-ке сілтеме жасап. Ересектер арасындағы алғашқы ірі додасына қатысқан Едіге мықты қарсыластардың арасынан лайықты нәтижемен көзге түсті. Ол…