Tag Archives: Дженнифер Лопес

«Джей Лоны көре алмай жүр»: Баян Алагөзованың пікірі желіні шулатты (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

Продюсер және тележүргізуші Баян Алагөзова Алматыдағы Дженнифер Лопестің концертіне қатысты пікір білдіріп, әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол өнерпаздың екі сағаттық шоуын техникалық тұрғыдан бағалау үшін барғанын айтты. Алайда, желі қолданушылары арасында бұл пікір «Джей Лоны көре алмай жүр» деген айыптауларға себеп болды.

Instagram-дағы жазбаларда кейбір оқырмандар:

«Джей Ло – әлем мойындаған жұлдыз, оны сынға алу бос әурешілік», – десе, енді біреулері: «JLo – нәзіктік пен сұлулық эталоны, сондықтан аншлаг болуы заңды», – деп қорғады.

Баян Алагөзованың сөзі желіде қызу талқыланып, пікірлер екіге бөлінді – бірі оны әділ сын деп қабылдаса, енді бірі бұл пікірді қызғанышқа балап отыр.

Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертінде әнші Sadraddin өнер көрсетеді

Коллаж: Qazaq Today

Отандық шоу-бизнестегі ең жас әртістердің бірі Sadraddin әлемдік поп-музыканың жұлдызы Дженнифер Лопестің концерті алдында өнер көрсетпек, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. 

10 тамыз күні Алматының Орталық стадионында өтетін ауқымды шоуда Sadraddin pre-show форматында сахнаға шығып, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.

Ұйымдастырушылар концертке ертерек келуді ескертті. Орталық стадионның есіктері сағат 15:00 ден бастап ашылады.

Бұған дейін Астанада өткен Дженнифер Лопестің концертінде қазақстандық танымал «Формат» тобының солисі Қайрат Баекенов өнер көрсеткен еді. Қайрат Баекеновтің айтуынша, мұндай ұсыныс концерттің Қазақстандағы ұйымдастырушыларынан емес, тікелей Дженнифер Лопестің командасынан түскен.

«Нағыз қазақша Джей Ло!»: Маржан Арапбаева желіні шулатты (ВИДЕО)

Коллаж: SN.kz

Әнші Маржан Арапбаеваны көпшілік танымал америкалық поп-жұлдыз Дженнифер Лопеспен салыстырып жатыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Желіде жарияланған видеода Маржан ханым дене сымбатын көрсете отырып, кезекті іс-шараға ән айтуға бара жатқанын айтады.

«Тұрыс түзу, әдеміміз, әрине, ән айтамыз», – дейді өнер иесі.

Бейнежазба астына пікір жазғандар оның сымбатына, өнеріне тәнті болып, жылы лебіздерін білдірген.

«Қазақстанның өз Дженнифері бар», «Бұл кісі де 50-ге таяп қалса да, керемет көрінеді», «Джей Ло қайда, біздің Маржан қайда – дауысы мықты», «Нағыз қазақша Джей Ло!» – деп тамсанған оқырмандар.

@marzhanarapbayeva♬ оригинальный звук — Маржан Арапбаева

«Арманым орындалды»: Отандық кәсіпкер Дженнифер Лопеске қамзол кигізіп, құрмет көрсетті (ВИДЕО)

Фото: Instagram/dinmuhammed

2025 жылдың 1 тамызында Астанаға гастрольдік сапармен келген америкалық жұлдыз Дженнифер Лопеске отандық кәсіпкер Дінмұхаммед Сыздықов ұлттық камзол сыйлады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Бұл ерекше сәт жайлы кәсіпкер 4 тамыз күні Instagram парақшасында бөлісті.

Сыздықов Джей Ломен бірге түскен суретін жариялап, сыйлықтың авторына алғыс білдірді.

«Дженниферге камзол кигізіп, үлкен арманым орындалды. Бұл қолөнер туындысын әзірлеген дизайнер Эльмира Ибрагимоваға алғысым шексіз! Шын көңілмен жасалған камзол Джей Лоға өте ұнады,» – деп жазды ол.

Айта кетейік, кәсіпкер әлеуметтік желідегі парақшасында өз кәсібін ерекше түрде сипаттаған.

«Мен атақты адамдарға шапан сыйлаймын», — деді кәсіпкер.

Астаналық жанкүйерлердің биі Джей Лоның назарын аударды: Әлем жұлдызы қазақ жастарына жауап берді

Астанадағы бір топ жанкүйердің Дженнифер Лопестің әніне билеген әсерлі биі атақты әнші әрі актриса Джей Лоның назарын өзіне аударды. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақ жастарының Бәйтерек монументі аясында билеген бейнежазбасы әншінің ресми Instagram Stories парақшасында жарияланып, қазақстандықтар арасында үлкен қуаныш пен мақтаныш сезімін тудырды.

Қазақ жастарының биі — Джей Лоға жолданған шынайы шақырту

Әлемдік деңгейдегі поп-музыка жұлдызы Джей Ло #JLoLiveIn2025 хэштегімен бірге елордадағы би перфомансын өз парақшасында бөліскен сәттен бастап, бұл видео отандық әлеуметтік желілерде нағыз вирустық контентке айналды. Бейнеде бір топ жас Астананың көрікті жері – Бәйтерек фонында Джей Лоның әйгілі әндерінің біріне ерекше би билеп, бейнекадрға: «Джей Ло, Астана сені күтеді!» деген жазу қалдырған.

Қазақ жанкүйерлері әншінің репостын жылы қабылдап, әлеуметтік желілерде «Джей Ло біздің Бәйтеректі көрді!», «Ол біздің қыздарды да байқады!» деген сияқты пікірлермен бөлісіп, бұл сәтті ел тарихындағы мәдени байланыстардың бір жарқын көрінісі ретінде бағалауда.

Джей Ло Астанада концерт береді

Бұл әсерлі виртуалды байланыс кездейсоқ емес. Әлемдік деңгейдегі жұлдыз Дженнифер Лопес 2025 жылы өтетін Up All Night турнесі аясында Астанада жеке концерт өткізетінін ресми түрде мәлімдеген болатын. Концерт жаз айларына жоспарланған, ал билет сатылымы ваучер түрінде басталып кетті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, нақты электронды билеттер концертке жақындаған уақытта электрондық пошта арқылы таратылатын болады.

«Астана Концерт» компаниясының продюсері Мәлік Хасеновтың айтуынша, бұл концерт қала экономикасына айтарлықтай үлес қосады. Оның ішінде ішкі туризмнің жандануы, қонақүй, тамақтану және мәдени қызмет салаларындағы кіріс көлемінің артуы күтіліп отыр.

Қазақ аудиториясы үшін жаңа мәдени байланыс

Музыкалық мәдениет арқылы халықтар арасындағы шекаралар жойылып, жаңа деңгейдегі байланыстар орнауда. Джей Лоның қазақ жанкүйерлеріне деген ықыласы мен жауап қайтаруы – еліміздің заманауи мәдениетке белсенді араласып келе жатқанының айғағы. Бұл жағдай Қазақстанның мәдени танымалдығын арттырумен қатар, жастардың креативтілігін көрсетуге де мүмкіндік беріп отыр.

Дженнифер Лопестің Қазақстанда концерт өткізуі – отандық жанкүйерлер үшін зор мәдени оқиға. Ал астаналық жастардың биі арқылы басталған диалог – бұл шараның рухани және әлеуметтік маңыздылығын еселей түседі. Джей Ло мен қазақ жанкүйерлерінің арасындағы бұл ерекше байланыс елорданың мәдени өмірінде ұмытылмас сәт ретінде сақталатыны сөзсіз.