Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбе қаласына сапармен барды

Фото: Ақорда Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбе қаласына сапармен барды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Президентті халықаралық әуежайда Тәжікстан Премьер-министрі Кохир Расулзода қарсы алды. Бүгін Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізеді және «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысады. Ертең Қазақстан Президентінің ТМД мемлекеттер басшыларының кеңесі отырысына қатысуы жоспарланған.

Толық оқу