ӘЧ-2025: Қазақ боксшылары Дубайдағы алғашқы жекпе-жектерін толық жеңіспен бастады
Фото: ҰОК Дубайда (БАӘ) IBA ұйымдастырған әлем чемпионаты басталып, Қазақстан боксшылары бірінші күннен-ақ мықтылығын дәлелдеді. Барлық спортшымыз алғашқы жекпе-жектерінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Абылайхан, Ертуған, Оразбек – сенімді бастама 71 келіде Абылайхан Жүсіпов армениялық Арарат Арутюнянды айқын басымдықпен ұтты. 63,5 келіде Ертуған Зейнуллинов моңғолиялық Даваадалай Алтангэрэлді үш рет нокдаунға түсіріп, төрешілер шешімімен…
