60,06 млрд долларды сенаторлар Украинаны қолдауға, 14,1 млрд долларды Израильге, тағы 20,23 млрд долларды Максикамен шекарадағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, 4,83 млрд долларды АҚШ-тың Үнді-Тынық мұхит аймағындағы серіктестерін қолдауға, 2,44 млрд долларды АҚШ орталық қолбасшылығына, тағы 2,44 млрд долларды Қызыл теңіздегі операцияларға жұмсамақ.
АҚШ президенті Джо Байден заң жобасын қолдап, Конгрестен оның қабылдануын кешіктірмеуді өтінді. Бастапқы дауыс аптаның ортасында берілетіні болжанған, бірақ заң жобасы өкілдер палатасында республикашылардың көпшілігінің үлкен қарсылығына ұшырауы мүмкін.
Сенаторлар 2023 жылдың күзінен бастап бұл жөнінде келісе алмай келеді. Негізгі себеп – республикашылардың демократтармен Мексикамен шекараны нығайту және иммиграциялық саясатты күшейту шаралары жөнінде ортақ пікірде болмауында. Республикашылар Мексикамен шекараны бақылауды күшейтуді талап етеді. Украинаға кез-келген қосымша көмек талқылануы керектігін де шарт қылмақ.
Конгрес былтыр күзден бастап Украинаны қолдау үшін жаңа бюджетті қабылдай алмаған. Осы уақыт ішінде бұрын бөлінген қаражат таусылып, Киевке америкалық әскери көмек көлемі айтарлықтай қысқарды.
Мәжілістің жалпы отырысы барысында Годунова Еуропалық қайта құру және даму банкі мен Ислам даму банкінің Қазсушар үшін алынған қарыздары шеңберінде 2017 жылдан бастап 317 млн доллар сомасына 61 жоба қаржыландырылғанын хабарлады.
«Аудит жүргізу кезінде 5 жыл ішінде тек 18 жоба (29%) тапсырылды, 37-і іске асыру сатысында (61%). 6 жоба (10%) бойынша жұмыс тіпті басталмағаны анықталды. Себептері бірдей – сапасыз дизайн, жауапсыз мердігерлер. Жобаларды іске асыру мерзімін кешіктіру салдарынан Қазсушар шотында 6,5 млрд теңге игерілмей, жинақталып қалды. Бюджет оларды резервтеу үшін қосымша 1,7 миллиард теңге төледі», — дейді Годунова.
Ол сондай-ақ, шенеуніктер ел бюджетіне жобалар бойынша әлсіз жұмыстарымен ғана емес, бағам айырмашылығына байланысты шығындай қауіп төндіретінін атап өтті. Өйткені қарыз доллармен алынады. Аудиторлық палата басшысы ЕҚДБ-ның 3 млрд теңгеден астам сомаға 8 қарыз жобасы шеңберінде сатып алынған жабдықтар мен салынған инфрақұрылым көзделген мақсатқа жарамағанын айтады.
«Ақыры, жоспарланған 4 мың гектарға жуық суармалы жер ауыл шаруашылығы айналымына енгізілмеген. ЕҚДБ қарызын мақсатсыз пайдаланудың тағы бір мысалы — Ақтөбе су қоймасынан Сазды арнасына су құбырын салу арқылы Ақтөбедегі Жасыл аймақ инфрақұрылымының объектілерін дамыту жобасы. Оны іске асыруға 1,5 миллиард теңге қажет болған. Бұл қарыз суару инфрақұрылымын қалпына келтіруге жоспарланған, ал іс жүзінде Ақтөбе саябақ аймағын абаттандыруға кетті», — дейді ол.
Годунова шенеуніктер саябақ салу үшін валюталық қарыз алмауы керек деп ескертті. Аудиторлық іс-шаралар нәтижесі бойынша үкіметке және уәкілетті мемлекеттік органдарға су саласын басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған барлығы 91 тапсырма мен ұсыным берілген. Оның 41 орындалып, 50-і аяқталмаған. 2256 иесіз өздігінен төгілетін гидрогеологиялық ұңғыма проблема болып қалып отыр.
Астанада Қайрат Боранбаевтың апелляциясы бойынша сот процесі өтті. Тұңғыш президенттің бұрынғы құдасы, олигарх Боранбаев өз кінәсін мойындап, залалды өтеуге ниетті, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Ulysmedia.kz дереккөзі іс жүргізу келісімі аясында Боранбаев Қазақстанға ірі көлемдегі активтерді қайтаратынын хабарлады.
«Боранбаев активтерді мемлекетке қайтарады. Шамамен 1,5 миллиард доллар», — деп мәлімдеді дереккөз.
Forbes деректеріне сәйкес, Қайрат Боранбаевтың байлығы 590 млн долларға бағаланады.
Айта кетейік, сс жүргізу келісімінің бастамашысы – Боранбаев. Өзге сотталушылар Наханов пен Жанұзақов оған қосылатындарын мәлімдеді.
«Өтініш кінәні мойындау туралы іс жүргізу мәмілесін жасасу және қылмыстық іс бойынша залалды өз еркімен өтеу мәселесі бойынша қылмыстық қудалау органдарымен ынтымақтасу ниетінен тұрады», — деді Боранбаевтың адвокаты Данияр Қанафин.
Өтінішті барлық қорғаушылар қолдады.
Аталған мәселе келесі отырыста қаралады, бірақ отырыс қай күні өтетіні белгісіз.