
Алты жылға сотталған Сәкен Мамаш дипломат дәрежесінен айырылды
Фото: Spletnik Елде резонанс тудырған іс бойынша бүгін үкім шықты: экс-дипломат Сәкен Мамаш темір торға тоғытылды, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. Сот оны бұрынғы жұбайы Карина Госманға жүйелі түрде қорлық көрсеткені үшін кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айырды. Процесс жәбірленушінің өтінішімен жартылай жабық режимде өтті. Мамашқа тағылған айыптар мен сотта айтылған жантүршігерлік деректер…