Tag Archives: Дариға Бадықова

«Адамның еңбегін бағаламау»: Дариға Бадықова енді үнсіз қалмайтынын айтты

Фото: видеодан скрин

Танымал актриса әрі продюсер Дариға Бадықова әлеуметтік желіде жазба жариялап, кино саласында түрлі пікірталас туындап жатқан сәтте кәсіпкер Алмаз Малдыбаевқа ашық түрде қолдау білдірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

 

«Көреалмаушылық — ұлт рухының ең үлкен жауы. Қолдау — ең ұлы ерлік», – деп бастаған ол жазбасында.

 

Бадықова өз өміріндегі алғашқы шығармашылық қадамдарын еске алып, сол кезде Алмаз Малдыбаевтың сенімі мен жылы сөзі үлкен демеу болғанын айтты.

 

«Киноға алғаш келгенімде мені сеніммен қарсы алып, бағыт көрсеткен, “қазағым” деп шабыт берген адам — Алмаз аға Малдыбаев еді. Ол қазақ киносының діңгегі, жүйе қалыптастырған, көптеген таланттарға жол ашқан тұлға. Кино саласын тұрақтылыққа, кәсібилікке, әлемдік деңгейге бағыттаған адамдардың бірі», – деді актриса.

 

Оның айтуынша, соңғы кезде өнер саласында орын алған түрлі сын мен күмән көп жағдайда әділдік пен адамдық принциптеріне қайшы келеді.

 

«Қазір түрлі әңгіме көбейген кезеңде мен үнсіз қала алмадым. Өйткені өнерде ең маңыздысы – әділдік пен адамдық. Бір адамның еңбегін бағаламау – тұтас саланың дамуына кедергі», – деп жазды ол.

 

Бадықова сондай-ақ Қазақстан атынан Оскарға жолдама алған «Кадет» фильмі туралы да пікір білдірді.

 

«“Кадет” фильмі – еліміз атынан Оскарға ұсынылған алғашқы үміткерлердің бірі. Өкінішке қарай, бұл қуанышты сәтті өз ішіміздегі көреалмаушылық көлегейлеп тастады. Бұл бір фильмнің тағдыры ғана емес, өнерге деген көзқарасымыздың айнасы. Қолдау болмаса, ешқашан биікке шыға алмаймыз», – деді ол.

 

Сөз соңында актриса қазақ киносының болашағы тек бірлік пен әділдікте екенін атап өтті.

 

«Мен өзіме кезінде сенім артқан адамға қазір қолдау білдіруді парыз санаймын. Қазақ киносының күші – бірлікте, болашағы – қолдауда, рухы – әділдікте», – деп түйіндеді Дариға Бадықова.

 

«Мал таппаған еркектің ұрпағын көбейтпедім» — Дариға Бадықова (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/dariga_badykova

Дариға Бадықова журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында бұрынғы некесінде балалы болуға тырыспағанын айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Актриса өмірді қиындатпайтынын, балалы болмадым деп сары уайымға салынбайтынын ашып айтты. Сондай-ақ ол өзінен де, күйеуінен де барын жасырмады.

«Екі адамнан болған нәрсе. Мен балам болмады деп еш уақытта уайымдаған адам емеспін. Сары уайым дегеннің не екенін де білмеймін, драмманың адамы емеспін. Өмірде ештеңені қиындатпаймын. Баламды асырамай отыр деп күйеуге де ренжімеңіздер. Бала — ортақ. Балалы болуға әрекет жасаған жоқпын. Мал таппаған еркектің ұрпағын көбейтпе деген», — деп қысқа қайырды Бадықова.

Желі қолданушылары аталмыш жайтқа қатысты түрлі пікір білдірді.

«Ол күйеуін жақсы көрмеген, Құдай оған бала бермеді», «Қартайғанда қиын болады», «Дариғаның барлық айтқанына келісемін», деді желі қолданушылары. 

@user54968145275683 #fyyyyyyyyyppppppp ♬ оригинальный звук — school life

«Мен көкек ана емеспін»: Дариға Бадықова бауырына басқан қыз туралы айтты (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

Дариға Бадықова журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаевтың арада бала жоқ деген мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Ол бауырына басқан Қарашаш атты қыздың жағдайы сұхбаттан кейін онша емес екенін ашып айтты.

 

«Ортамызда бала жоқ. Мен баланы тастап кететіндей көкек ана емеспін. Қарашаш мен өзім бауырыма алған қыз. Мен оған ерекше мейірімімді бердім. Қатарынан қалдырмадым, оқыттым. Дархан деген кісі Қарашаштың өмірін де ойламай айтып отыр. Қарашашқа да ауыр тиіп жатыр», — деп жауап берді.

 

Желі қолданушылары аталмыш жайтқа қатысты түрлі пікір білдірді.

«Дарханның Қарашашқа деген жылулығы жоқ екені көрініп тұр ғой. 3 жасынан бауырына алып қызым деп тұрған жоқ», «Басқа байға кеткенде сен ол қызды неге ойламадың», «Бала тапқандыкі емес, баққандыкі», деді желі қолданушылары. 

«Өз шындығымды айтамын»: Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі алған бетінен қайтпайтынын айтты

Актриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев желідегі парақшасында видеоүндеу жолдады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Сөзінше Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында өтірік жоқ, сұраған адамның бәріне бірдей жауап беріп отырмас үшін актер осындай қадамға барған.

 

«Маған осы уақытқа дейін қаншама адамнан қоңырау түсті. Әрқайсына жеке-жеке жауап беріп жатпайын деп Нұрсейіт Жылқышыбай бауырыма сұхбат берейін деп шештім. Ал сол уақытқа дейін менің қандай күйде болғанымды өзімнен басқа ешкім білмейді. Мен сол уақыт арасында өзіме өзім қол жұмсауға дейін бардым, көшеге шығудан қалдым. Мен олай әр адамға мазақ болғанымша сотталып кеткенім артық. Менің үстімнен қандай арыз-шағым түсірсе де өз шындығымды айтамын. Шындық детекторына да отыруға дайынмын», — деді ол.

 

Айта кетейік, заңгер Айгүл Орынбек журналист Нұрсейіт Жылқышыбай мен Дархан Мұсаевтың үстінен ресми арыз түсіргенін хабарлаған еді.

Бадықова мен Мұсаев дауы: заңгер Айгүл Орынбек ресми арыз түсірді

Фото: instagram.com/aigulorynbek_kz

Белгілі заңгер Айгүл Арынбек соңғы күндері қоғам назарында жүрген Дариға Бадықова мен жұбайының дауына қатысты пікір білдіріп, актрисаны қорғауға кірісті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Заңгердің айтуынша, Бадықованың күйеуі жеке хаттар мен жазбаларды жариялауға ниет білдірген. Бұл – азаматтың жеке өміріне қол сұғу және қылмыстық жауапкершілікке әкелетін әрекет.

 

«Дариға барынша сабыр мен түсіністік танытып келді. Бірақ жеке хат алмасулар мен аудиоларды жария етемін деп мәлімдеу – адамның ар-намысына тиетін, заңмен жазаланатын іс. Мұндай әрекет бопсалау мен қысым көрсетудің айқын көрінісі», – деді Айгүл Арынбек.

 

Оның айтуынша, бүгін Дархан есімді азаматтың үстінен ресми арыз түсірілген.

 

«Бұл шешімге баруға мәжбүр болдық. Себебі заңсыздыққа үнсіз қарау – әділетсіздікке жол беру. Енді бәрі заң аясында шешіледі деп сенеміз», – деді ол.

 

Арынбек халықты жеке өмірге құрметпен қарауға шақырды:

 

«Дариға әлеуметтік желіде өз өмірін талқылауға міндетті емес. Жеке өмір – адамның ең қасиетті кеңістігі. Оған қол сұғу – адам құқығын бұзу!»

 

Сонымен қатар заңгер Бас прокурор Берік Асыловқа ашық үндеу жолдады:

 

«Қылмыстық кодекстің 147-бабы (“Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу”) біздің елде қашан нақты жұмыс істейді? Адам жеке өмірін қорғау үшін не істеуі керек? Ал заңды орындауға құлықсыз қызметкерлерге қандай шара қолдануға болады?»

 

Айгүл Арынбектің айтуынша, бұл іс жеке құқық пен ар-намысты қорғау саласында прецедент болуы мүмкін.

 

«Заң бәріне ортақ. Оны орындау – қоғам алдындағы азаматтық әрі адамдық міндет. Біз әділдіктің орнауына сенеміз!» – деп қорытындылады ол.