Қазақстанда науқастарға тегін берілетін дәрілердің тізімі қысқарады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.
Денсаулық сақтау министрлігі бұйрығы бойынша 32 ауру түрін емдеуге арналған 38 дәрі-дәрмек тізімнен алып тасталмақ.
Бұл туралы дерек Ашық НҚА сайтында пайда болды.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі дәрілік заттар тізімінен төмендегі ауруларды
«Омепразол»;
«Амоксицилин»;
«Кларитромицин»
«Азитромицин»;
«Фамотидин»;
«Карбамзепин»;
көзге арналған»Ацикловир»
«Өлім-жітім мен өмір сүру ұзақтығына әсер етпейтін 32 нозология алып тасталды, өлім-жітім мен өмір сүру ұзақтығына әсер ететін басқа созылмалы ауруларды емдейтін дәрі-дәрмек көлемін көбейту қарастырылған», — делінген құжатта.
Құжат 18 шілдеге дейін қоғамдық талқылауда болады.
Қызылорда қаласында 8 сынып оқушысы отбасылық келіспеушілік салдарынан көп мөлшерде дәрі ішіп, ауруханаға түскен деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.
Бұл оқиға байланысты Қызылорда қалалық білім бөлімі төмендегіше түсініктеме берді.
«Аталған оқиғаға байланысты білім бөлімі төмендегі мәліметті жеткізеді. Ә.Тыныбаев атындағы № 11 мектеп-лицейдің 8 сынып оқушысы отбасылық келіспеушілік салдарынан дәрі ішіп, ауруханаға түскен. Бүгінгі таңда жағдайы қалыпты, үйіне шығарылды», — деп мәлім етті Қызылорда қалалық білім бөлімінен.
Атырауда 89 жастағы қарт әжей дәрі-дәрмек жұтып, өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.
Полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғаған.
«Привокзальный шағын ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде 89 жастағы әйел өз-өзіне қол жұмсады. Қазіргі уақытта қалалық ішкі істер басқармасы суицидке итермелеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады»,- деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаменті.
Фото: Pixabay
Жапонияда ферменттелген қызыл ашытқы мен күріш қосылған тағамдық қоспаны тұтынған екі адам көз жұмды. Одан бөлек 106 науқас ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі РБК басылымына сілтеме жасап.
Биологиялық белсенді қоспалардың (БАД) өндірушісі – Kobayashi Pharmaceutical фармацевтикалық компаниясы. Компанияның мәліметінше, Beni-Koji тағамдық қоспасын 3 жыл қатарынан қабылдаған адам бүйрек ауруынан қайтыс болған. Үкімет 6 мыңға жуық өнім түрі барн бұл тағамдық қоспаға шұғыл сараптама жүргізетінін мәлімдеді. Қазірдің өзінде холестерин деңгейін төмендетуге көмектеседі деп жарнамаланған қоспалардың бес түрі кері қайтарылды.
Жапонияның Денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік министрлігі екінші адамның өлімі туралы компанияның тыңдалымы кезінде білді.