Маңғыстау облысында даладан жаңа туған сәби табылды

Шақалақ Мұнайлы ауданы Бесшоқы ауылындағы тұрғын үйлердің терезесінің алдынан табылған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  Баланы таңертең уақытта сағат 09:30 шамасында тұрғындардың бірі байқаған. Маңғыстау облыстық полиция департаменті аталған деректі растап, баланың анасы іздестіріліп жатқанын хабарлады. «Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Анасы іздестіріліп жатыр. Сәби перзентханада жатыр», — делінген полиция таратқан хабарламада.

Толық оқу