«Дала Қырандары» ұйымының SAQ жасағы Aura Farma дәріханасынан прегабалиннің заңсыз сатылуын анықтады

Фото: «Дала қырандары» 21 қарашада «Дала Қырандары» жастар қозғалысына қарасты SAQ жасағы Байтурсынұлы көшесі, 23/2 мекенжайында орналасқан Aura Farma дәріханасында рейд жүргізді. Бұған дейін дәл осы жерден кырандарға прегабалин препараты екі рет рецептсіз сатылған. Қырандар видеодәлелдермен дәріханаға қайта келген кезде фармацевт препаратты рецептсіз сатқанын мойындамады. Оқиға орнына полиция шақырылды. Құқық қорғау қызметкерлері фармацевттен түсініктеме алып,…

Толық оқу

Оралдық қырандар «Жұма жақсылығы» қайырымдылық акциясын өткізді (ВИДЕО)

Орал қаласында «Дала Қырандары» қозғалысының белсенділері кезекті апталық «Жұма жақсылығы» акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Бұл жолы Қырандар қала тұрғындарын қайырымды іске жұмылдыратын кино кешін өткізді. Қонақтар үшін фильм көрсетіліп, шағын жәрмеңке ұйымдастырылды: билеттер, сусындар, снэктер және басқа да тағамдар сатылды. Жиналған қаражаттың барлығы емделуді қажет ететін азаматқа бағытталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай…

Толық оқу

Петропавл: жаңа қырандар «Дала Қырандары» төсбелгілерін алды

Фото: Дала қырандары 8 қараша — петропавлдық қырандар үшін айрықша күн болды. Осы күні іріктеу кезеңінен сәтті өткен үміткерлерге «Дала Қырандары» қозғалысының төсбелгілері салтанатты түрде табысталды, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. Үміткерлер физикалық дайындық, ұйым жарғысы бойынша білім және сұхбаттан тұратын толық тексерістен өтті. Ұйымдастырушылар олардың тәртібі, жауапкершілігі және қоғамға қызмет етуге деген дайындығын атап…

Толық оқу

Жаңа буын қырандары: Ленгерде іріктеудің алғашқы кезеңі өтті

Фото: Дала қырандары Ленгер. 8–9 қараша күндері Ленгер қаласында «Дала Қырандары» қозғалысына қосылуға ниетті жастар мен қызметкерлер арасында дене даярлығы бойынша нормативтер қабылданды. Екі күнге созылған сынақтар қатысушылардың төзімділігі мен рухын шыңдады. Не тексерілді. Үміткерлер 3000 метрге жүгіру және Купер тестінен өтті. Тестке үш жаттығу кірді: секіру, қолды бүгіп-жазу және іш бұлшықеттерін шынықтыратын «кітапша». Барлық…

Толық оқу

«Дала Қырандары» қырандары @octagonleague ұйымының 80-ші турниріне қатысты

Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында @octagonleague ұйымының 80-ші ММА турнирі өтті. Бұл – күздің ең ауқымды спорттық шараларының бірі. Алматыдан келген лига еліміздің үздік спортшыларын жинап, көрермендерге нағыз рух пен мінездің айқасын сыйлады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  Осы кеште «Дала Қырандары» қозғалысының қырандары октагонға шықты. Олар үшін ММА – жай ғана спорт емес,…

Толық оқу
Яндекс.Метрика