Tag Archives: Дағыстан

Дағыстанда Қазақстан азаматтары жол апатына ұшырады

Фото: Дағыстан ТЖМ баспасөз қызметі

Жол апатынан барлығы 8 адам зардап шеккен, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы «Московский комсомолец» басылымына сілтеме жасап. 

Дағыстанның Тарумов ауданында қайғылы оқиға орын алып, 4 адам қаза тапты. Оның екеуі – балалар.

Қайғылы оқиға 22 шілдеде Астрахань-Махачкала федералды тас жолының бойында болған. Зардап шеккендердің барлығы Кочубеев медициналық-санитарлық бөлімшесіне жеткізілді. Қазір екі науқас ауыр хәлде жатыр.

Қаза тапқандардың арасында Қазақстан азаматтарынан бөлек Удмуртияның тұрғындары да бар.

«Зардап шеккендерді тікұшақпен Махачкала жеткізу жоспарлануда», – деп хабарлады Дағыстан ТЖМ баспасөз қызметі.

Қазір оқиғаның мән-жайы мен зардап шеккендердің жеке тұлғалары анықталып жатыр.

Дағыстанда квест кезінде екі қыз тірідей өртеніп кетті (ВИДЕО)

Махачкалада квестте өрт шығып, екі әйел мерт болды. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат порталы Stan.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Тергеу мәліметінше, 22 шілде күні сағат 02:00 шамасында Расул Ғамзатов көшесіндегі квест бөлмесінде «ойын сеансы кезінде бензин» тұтанып, өрт шыққан. Дағыстанның тергеу комитеті қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Дағыстан Денсаулық сақтау министрлігі квестке келушілердің бірі көмірқышқыл газынан уланып, екіншісі күйіктен қайтыс болғанын хабарлады.

Қаза тапқандар 19 жастағы Асият пен 25 жастағы Мәдина. 21 жастағы Саид есімді азаматтың денесінің 50 пайызын күйік шалып, ауруханаға түсті.

Дереккөздің хабарлауынша, сценарий бойынша қыздардың қолына кісен салынған. Ал квест-аниматор атмосфера сыйлау үшін қолғапқа бензин құйып, оны өртеп жіберген. Бөлмеде жұмыс істеп тұрған электр арасының сымына тамшылар түсіп, өрт тез тараған. Асияттың күйеуі Саид өрт сөндіргіш іздеп тауып, жанып жатқан бөлмеге кірген кезде, денесін күйік шалған.

Фото: kp.ru

 

Дағыстанда үш күндік аза тұту жарияланды

Фото: t.me/rentv_news

Махачкала мен Дербентте содырлардың шабуылына байланысты Дағыстан аумағында үш күн аза тұту жарияланды. Бұл туралы республика басшысы Сергей Меликов әкімшілігінің Telegram арнасы жазды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

«24, 25 және 26 маусым күндері Дағыстанда аза тұту күні деп жарияланды. Жарлыққа жаңа ғана Сергей Меликов қол қойды», — делінген хабарламада.

Бүкіл республика бойынша аза тұту күндері мемлекеттік тулар жартылай төмен түсіріледі. Өңірде орналасқан мәдениет мекемелері мен телерадиокомпаниялар барлық ойын-сауық шаралары мен хабарларын тоқтатады.

«Дағыстан Республикасының үкіметіне қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсету үшін тиісті шараларды қабылдау тапсырылды», — деп атап өтті билік өкілдері.

Дағыстан тұрғыны Атырауға 50 мың қап алып келді

Ресейдегі Дағыстан Республикасының тұрғыны Омарасхаб Ахмедов Атырауға 50 мың қап алып келді.

Ол Дағыстанның Хасавюрт қаласының маңында ауылда тұрады. Атырау облысына дейін 50 қап салынған сөмкелерді жеткізу үшін 24 сағат жол жүрген.

«Туысқандарым әлеуметтік желіден Қазақстанның Ресеймен шекаралас аймақтарында тасқын судан қорғаныс бөгетін бекіту үшін қап жетіспейді деген ақпаратты оқыпты. Олар бұл ақпаратты маған жеткізді. Содан соң бауырлас елге көмек беру үшін таныстарымнан қап іздей бастадым. Досымның зат сақтайтын қоймасы бар еді. Түнгі сағат 02:00 шамасында сол қоймадан жүк таситын ГАЗель көлігіме 50 мың қапты тиеп, жолға шықтым. Атырауға тезірек жету үшін түнімен жолда жүрдім», — дейді Омарасхаб Ахмедов.

Оның айтуынша, туған жеріндегі таныстары мен достары туған жеріне оралуын асыға күтіп отыр. Енді олардың Атырау облысына гуманитарлық көмектің тағы бір партиясын жеткізеді.

«Тұратын еліміз бөлек болғанымен, қиындық кезде бір-бірімізге қолдау көрсетуіміз керек. Мақсатым – туысқан халықтың осындай қиындықтан аман қалуына үлесімді қосуым», -дейді Омарасхаб Ахмедов.

Бізге жеткен ақпаратқа қарағанда, Ресейдегі Астрахань облысында тұратын қандастар да гуманитарлық көмек жинап жатыр. Олар жақында гуманитарлық жүкті Атырауға жібереді.

Қазақстан UFC-де Дағыстанның орнын басып келеді

Фото: sports.kz

Аралас жекпе-жек туралы жазатын LudisChartaMMA ресурсы UFC тізімінде қазақстандық боксшылар санының көбейгенін атап өтті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Спорт шолушысы жеңіл салмақтағы дивизионға Бекзат Алмахановтың тіркелуіне байланысты жаңалыққа осындай пікір білдірді.

«Бірінші толқын Дағыстан болды. Қазір көптеген қазақстандық боксшылардың UFC-ге жолдама алып жатқанын көріп жүрміз. Осы жолы Азат Мақсұмды UFC Vegas 85 турнирінен көреміз. Шавкат Рахмонов 2024 жылы «алтынға» таласады», — деп жазды ол X әлеуметтік желісінде.