
Елімізде смартфондар жаппай бұғаттала бастады
Фото: Pixabay Верификациядан өтпеген смартфондар кезең-кезеңімен бұғатталып жатыр. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, бұғаттау IMEI-коды тіркелмеген құрылғыларға қатысты жүргізіледі, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. Қазір «сұр» тізімде 886 мыңнан астам, ал «қара» тізімде 127 мыңнан аса IMEI-код бар. Осы қара тізімге енген смартфондар біртіндеп бұғатталып жатыр. Ал верификациядан өткен құрылғылар «ақ» тізімге енгізіледі….