Қызылордада киік етін сатқан қала тұрғыны ұсталды
Фото: Қызылорда қалалық Полиция басқармасы Қызылорда қаласында «Браконьер» іс-шарасы барысында киік етін сатып тұрған қала тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Қызылорда қаласында «Браконьер» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Бұл мақсатта арнайы Қызылорда қалалық Полиция басқармасынан мобильдік топ құрылған. «Іс-шара барысында табиғатты қорғау инспекторы бағыт-бағдар аралау барысында Абай даңғылы көшесінің бойында дүңгіршектің жанында киік еті…