Tag Archives: бокс

Боксшы Геннадий Головкин шаршы алаңға оралатынын айтты

Уақытында мұны Геннадий Головкиннің өзі де терістемеді не растамады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Сонда ол: «Неге қайта шаршы алаңға шықпасқа? Эмоционалды тұрғыда өзімді бұрынғыдай сезінемін…» деген сөзімен біраз жайтты аңғартқан еді.

Енді жартылай ауыр салмақ дәрежесіндегі бұрынғы әлем чемпионы Жан Паскаль қазіргі World Boxing ұйымы Олимпиадалық комиссиясының төрағасының (42-2-1, 37 КО) рингке қайта оралуы ықтимал екенін жасырмады.

Еске салайық, 43 жастағы боксшы соңғы рет 2022 жылдың қыркүйегінде Сауль «Канело» Альвареспен жұдырықтасты.

Паскаль бұл жекпе-жектің спорттық амбицияға қатысы жоқ екенін, нақты қаржылық себеппен болатынын алға тартады.

– Мен оны өте құрметтеймін, ол – аңыз. Бірақ, төрт жыл бойы рингтен тыс болу – жоғары деңгейдегі бокс үшін өте ұзақ уақыт. Рефлекстер, тайминг, ішкі әсер – бәрі-бәрі әлсірейді. Егер ол қайта оралса, бұл тек үлкен гонорар үшін болмақ. Ол өзінің мықтылығын әлдеқашан дәлелдеді, – деді Паскаль.

Бұған дейін Геннадий Головкин IBA-ға қарсылығын ерекше әдіспен білдірген еді.

«Тарихта қалу»: Жәнібек Әлімханұлы тарихи жекпе жегінің алдында мәлімдеме жасады

Фото: twitter.com/qazaqstyle

Орта салмақтағы WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы алдағы жекпе-жек алдындағы басты мақсатын бөлісті, деп хабарлайды  Qazaq Today ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап. 

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол үш чемпиондық белдік үшін WBA чемпионы, кубалық Эрисланди Ларамен күш сынаспақ. Бірнеше беделді ақпарат көздері келісімшарттың ресми түрде қол қойылғанын хабарлағанымен, жекпе-жектің ресми афишасы әлі жарияланған жоқ.

Әлімханұлы бар назарын өз миссиясына аударып отыр.

 

«Менің басты мақсатым – тарихта өз атымды қалдыру», — деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында, өзінің әсерлі нокауттарынан құралған бейнероликпен бөлісіп.

 

Айта кетсек, Лараны жеңген жағдайда қазақстандық боксшының жолы абсолютті әлем чемпионы, екінші орта салмақта өнер көрсететін Теренс Кроуфордпен түйісуі мүмкін. Екі спортшы да кәсіби рингте әлі жеңілмеген. Бұған дейін екеуі де өзара жекпе-жек өткізу ықтималдығын жасырмай, жанкүйерлердің үлкен қызығушылығын тудырған болатын.

Боксшы Сәкен Бибосынов Қазақстан чемпионы атанды

Olympic.kz
Сәкен Бибосынов Семейде бокстан өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Түркістан облысының намысын қорғайтын Бибосынов жартылай финалда қызылордалық Нұрсұлтан Алтынбекті 5:0 есебімен жеңіп, Қазақстан чемпионы атанды.

Еске сала кетейік, Сәкен Бибосынов — 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, 2021 жылғы әлем чемпионы, сондай-ақ Азия чемпионаттарының жүлдегері (қола – 2021, күміс – 2022).

Қазақстан чемпионаты 21 қазанға дейін жалғасады. Турнир қорытындысы бойынша 2026 жылғы ұлттық құраманың жаңа құрамы жасақталмақ.

Абылайхан Жүсіпов 5 жылдан кейін Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды

Фото: olympic.kz

Абылайхан Жүсіпов Семейде бокстан өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

70 келіде жұдырықтасатын былғары қолғап шебері финалда алматылық боксшы Фарух Тоқтасыновты 5:0 есебімен жеңді.

Еске сала кетейік, Абылайхан Жүсіпов – әлемнің үш дүркін жүлдегері, Азия чемпионы, Олимпиада ойындарының қатысушысы

«Бұл – тарих!»: Геннадий Головкин даңқ залына ұсынылды

Фото: ҰОК

Қазақстандық бокс аңызы Геннадий «GGG» Головкин Халықаралық бокс даңқ залына (IBHOF) енуге ресми түрде кандидат болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Халықаралық ұйым 2026 жылы даңқ залына енгізілетін спортшыларды анықтау үшін бюллетеньдерді таратты.

Ерлер санатында тізімге алғаш рет бірнеше атақты спортшы кірді:

  • Орта салмақта көп жылдық чемпион — Геннадий Головкин;
  • Екі салмақта әлем чемпионы атанған америкалық Вернон Форрест;
  • Ирландиялық бокс аңызы Стив Коллинз.

Әйелдер санатында үміткерлер қатарында:

  • Бес дүркін әлем чемпионы, жапондық Наоко Фудзёка;
  • Суперорта және орта салмақта ұзақ жылдар бойы белбеулерді сақтап келген неміс боксшысы Кристина Хаммер;
  • Мексикалық бокс пионері Джеки Нава.

Ұйымның мәліметінше, дәстүрге сай қорытынды тізім желтоқсан айында жарияланады. Осы уақытқа дейін спорт жанкүйерлері мен сарапшылар арасында қызу талқылау мен болжамдар жалғаспақ.

Даңқ залына енгізілетін спортшыларды әлемнің түкпір-түкпіріндегі Бокс журналистері қауымдастығының мүшелері мен тарихшылар дауыс беру арқылы анықтайды.