Сүйінші хабар: Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына ресми түрде енеді
Фото: gggboxin Қазақстан спорты үшін нағыз тарихи күн! Күллі әлемге GGG лақап атымен танымал жерлесіміз Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына (IBHOF) қабылданатын болды. Бұл туралы ресми ақпарат 4 желтоқсан күні жарияланып, жанкүйерлерді бір серпілтіп тастады. Бұл жай ғана атақ емес. Головкин осындай биік мәртебеге ие болған тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тұңғыш боксшы атанып отыр….
