Tag Archives: блогер

«Отбасы бұзылмасын»: Баян Мақсатқызының үйленген інісі атышулы блогермен көзге түсті

Фото: видеодан скрин

Танымал продюсер Баян Мақсатқызының әпкесі Бәтес Байлының ұлы Айдар Асқарбек атышулы блогер Сабина Мовлаевамен бірге жүрген видеосы жарияланды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Айдар Асқарбек пен Сабина Мовлаеваның бұл видеосы кинокөрсетілімдердің бірінде қызыл кілемнің үстінде түсірілгенін байқауға болады.

Олардың әрекетіне, өздерін ұстауына қатысты желі қолданушылары түрлі пікір білдірді.

Айта кетерлігі, Айдар Асқарбек қазіргі уақытта актриса, әнші Жарқынай Ханайыммен бірге заңды некеде.

 

«Жарқынай жаныңды шығармасын», «Қасыңда Жарқынай болсын», «Сұлу қыз Сабинка», «Отбасылары бұзылып кетпесін», — деп жазды желі қолданушылары.

 

Торт дауы: Сот блогер Аселина Батырды кондитерге 300 мың теңге төлеуге міндеттеді

Фото: Видеодан алынған кадр 

Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты блогер Аселина Батырға қатысты істі қарап, талапкер Нұршат Ақбегенованың (кондитер) пайдасына шешім қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сот мәліметіне сәйкес, Нұршат Ақбегенова блогерге торт дайындап беру бойынша тапсырыс алған, ал Блогер Аселина Батыр өнімді алғанын мойындаған. Дегенмен, торттың нақты бағасы алдын ала келісілмеген, бағасы туралы хабарламаған және ингредиенттерге кеткен шығындарды растайтын құжаттар ұсынбаған.
Сот торт құны 300 000 теңге екенін, ал Аселина Батырдың алдын ала 100 000 теңге төлем жасағанын ескере отырып, қалған 200 000 теңгені өндіруге шешім шығарды.

Сонымен қатар, сот блогердің Instagram мен Threads әлеуметтік желілерінде «алаяқ», «ақша бопсалайды» деп жазғанын анықтап, бұл мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін, талап қоюшының ар-намысы мен іскерлік беделін қорлайтынын таныды.

Сот жауапкерді осы әлеуметтік желілерде таратылған мәліметтерді теріске шығару жөнінде жарияланым орналастыруға міндеттеді. Талап қоюшының моральдық зиянды өтеу туралы талап қоюы ішінара қанағаттандырылып, оның пайдасына 100 000 теңге мөлшерінде өтемақы өндіру белгіленді. Сот шығындары қанағаттандырылған талап қоюлар көлеміне пропорционалды түрде бөлінді, — делінген Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының хабарламасында.

«Бұл – саналы түрде қабылданған шешім»: Тағы бір танымал блогер хиджабын шешті (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Актриса, блогер Айым Алтынбекова хиджабын шешкенін хабарлады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды.

 

«Айтқым келген бір нәрсе бар. Мен хиджабты шештім. Бұл – саналы түрде қабылданған, оңай болмаған шешім. Өзгеріс біреудің ықпалымен немесе кездейсоқ болған жоқ. Ұзақ ойландым, уайымдадым, үндемедім. Енді тек уақыты келді», – деп жазды ол Stories-інде.

 

Айым өз жазбасында ешкімнің мақұлдауын немесе кеңесін күтпейтінін де атап өтті.

 

«Мен ешкімнен қолдау, кеңес не даулаcуды күтпеймін. Маған тек құрмет пен тыныштық керек. Бұл – менің жолым. Бұл жолда мен ешкімге ештеңе дәлелдемеймін», – деді ол.

 

Сондай-ақ блогер хиджаб таққан кезінде көп сынға ұшырағанын еске алып, бұл жолы ондай жағдай қайталанбайды деп үміт білдірді.

Оның бұл мәлімдемесі әлеуметтік желі қолданушылары арасында кең талқыланып жатыр. Көпшілік оның шешімін түсіністікпен қабылдауға және әркімнің жеке таңдауына құрметпен қарауға шақыруда.

Атышулы Амилай өзіне қысым көрсетіп жүрген еркек туралы айтты (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Амилай атымен танымал трансгендер өзінің қыр соңынан қалмай жүрген адамның кім екенін айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Ол желідегі парақшасында өзіне қауіп төніп тұрғанын айтып, елден қашып жүргенін мәлімдеген еді.

«Бұл адаммен мен 2024 жылы қараша айында таныстым! Басында барлық қарым-қатынастағыдай әдемі ертегідей басталды. Гүлдер, сыйлықтар, кездесулер тіпті бірге де тұрдық. Араға бір ай салып кішкене өзгергендей боп көрінді, сөйлесейік десем ұрыс-қырылыс ылғи. Содан кейін телефон тексеру, үйден шығармау, шыққан жерімнен машина жіберу, үйге апару, өзімді кінәлап сен соған жеткіздің деп ұрып-соғып қысым көрсете бастады.

Сонда көніп жүрдім. Ұсталған жері — телефонда фотоны ауыстырып үлгермегені. Ажырасқам 2 жыл бұрын, үш балам бар деген адамның 3 баласы, екіқабат әйелі барын білдім. Ешқандай әйелдің басына сондай оңбаған күйеуді бермесін.

Сол үшін де қырылдық, айырылысатын болып шешім қабылдадым! Ол шешіміме келіспей, әйел бала-шағаның жағдайларын ғана жасаймын, сенімен боламын деді. Екі ортада жүргісі келді. Мен де адаммын, қалай балаларының анасын, Құдай қосқан жарыңды алдайсың дегенде алған жауабым шапалақ болды», — деп жазды ол.

Сонымен қатар өзіне көрсетілген қысым тоқтамаса бейтаныс еркектің аты-жөнін жариялайтынын да ескертті.

«Енді ақ көйлек кимеймін»: Ажырасқан блогер үшінші рет күйеуге шықпайтынын айтты

Фото: @saltanat.a.e. парақшасынан

Күйеуімен ажырасқан ақтаулық блогер оқырмандарына жан сырын ақтарды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Салтанат Аманқосқызы енді тұрмысқа шықпайтынын мәлімдеді.

 

«Енді ақ көйлекті киіп, отбасылық өмірге қадам баспаймын. Ақ көйлекті үстімнен тек түсірілімдерден ғана көресіздер. Ойлана келе, енді отбасылық өмірге аяғымды аттап баспаймын дедім. Алдағы уақытта қандай шешім қабылдап, өмірімнің бағыты қай жаққа бұрылғанын көре жатарсыздар. Бұдан кейін мен махаббатқа да, сезімге де, адамға да сенбеймін. Ата-анаммен отырып ашық сөйлестім. Әрине, алдарында ұятты болдым. Себебі, екінші рет ажырасып отырғасын, әкем мен шешемнің көңіліне тағы қаяу түсірдім-ау. Бұдан бұлай, жаңа отбасы құрып, тұрмыс құру туралы жақ ашпаймын. Опық әбден жeдiм. Бoлap.

Әкемнің бір сөзі тамағымды тұрыn қалды. “Caған қызымды осылай жылaтy үшiн бердім ба? Менің жасыма келгенде, менің және әкеңнің ішкі жан-дүниесі қандай болып жатырғанын сезінерсің”, деп көзіне жас алған сәті… Сол кезде, менің әлемім көз алдымда құлады. “Өзіммен өзім тұрмыс құрмай-ақ жүре беруім керек еді. Неге ocы адамға ceнiп, eкiнші рет шалыс бастым екен?!”, деген ой маза бермеді. Әкеме “енді тұрмыс құрмаймын” деп уәде бердім…

Болары болды,

Бояуы сіңді», — деп жазды ол.

 

Айта кетейік, блогер екінші күйеуінің көзіне шөп салғанын айтып, жазба жариялаған еді.

Желі қолданушылары блогердің бұл жазбасына қатысты түрлі пікір білдірді.

 

«Тамаққа да, қатынға да тоймайтын бәле екен. Ондай күйеудің барынан жоғы», «Жүрегім езіліп отыр, қандай ауыр», «Басынан ұнамап еді сол еркек», деді ол.