
Түркістанда білім бөлімінің қызметкерлері 3,7 млрд теңгені жымқырған
Фото: NewTimes.kz Түркістан облысы Шардара ауданының білім бөліміне қарасты есепшілер 3,7 миллиард теңгеден астам қаржыны жымқырғаны үшін жазаға тартылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Жеті айға созылған сот процесінде барлығы 15 адам айыпталушы орындығында отырды. Үкім жарияланған күні сот залы адамға лық толып, сыртта да туыстары кезекке сыймай қалды. Шешім шыққан сәтте кейбір сотталушылар көз жасын тыя…