Tag Archives: білдірді

СІМ Қазақстанның Газа секторындағы жағдайға байланысты позициясын білдірді

Коллаж: ulysmedia.kz.

Сессия жұмысына ИЫҰ елдерінің, оның ішінде Сауд Арабиясы, Кувейт, Катар, Иордания, Иран, Түркия, Марокко сыртқы саяси ведомстволарының басшылары қатысты. СІМК барысында ИЫҰ-ға мүше мемлекеттер Газа секторында атысты дереу тоқтатуға шақырды және Палестина-Израиль дағдарысын тезірек шешу қажеттігін алға тартқан. Мұрат Нұртілеу өз сөзінде Газа секторындағы ұзаққа созылған гуманитарлық апатқа байланысты ерекше алаңдаушылық білдірді, одан шығудың бірден-бір жолы әскери қимылдарды жақын арада тоқтату болуы мүмкін. Бұл тұрғыда ол сондай-ақ Газа тұрғындары үшін төтенше гуманитарлық көмек көрсетуге Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы және «KazAID» агенттігінің мүмкіндіктерін пайдалануды ұсынды. Қазақстан өңірдің барлық тұрғындары үшін бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздікке қол жеткізу үшін күш-жігерді күшейтуге шақырды, бұл алдағы қасиетті Рамазан айы қарсаңында ерекше маңызды болып көрінеді.

– Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшысы Қатар мен Мысыр басшылығының ХАМАС пен Израиль арасындағы атысты тоқтату және кепілге алынғандармен алмасу туралы келіссөздер жүргізу жөніндегі көпжақты делдалдық күш-жігерді құптады. Ол сондай-ақ Мысырдың репатриация жасау үшін қазақстандық азаматтар мен олардың отбасы мүшелерін Газадан эвакуациялаудағы рөлін жоғары бағалады, – деп хабарлайды Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.

Министр Мұрат Нұртілеу көп жылғы қақтығыстың жалғыз шешімі ретінде БҰҰ бекіткен «екі халық үшін екі мемлекет» формуласы негізінде 1967 жылғы шекараларда Палестина мемлекетін құру бойынша Қазақстанның өзгермейтін ұстанымын растаған.

Іс-шара мұсылман елдерінің Палестина халқымен үндестігін және қақтығысты тезірек тоқтату үшін белсенді әрекет етуге ұмтылысын көрсетіп, ИЫҰ СІМК қорытындысы бойынша тиісті қарар қабылданған. Сессия жұмысына Сауд Арабиясы, Кувейт, Катар, Иордания, Иран, Түркия, Марокко сияқты ИЫҰ елдерінің СІМ басшылары қатысқан. Оның қорытындысы бойынша тиісті қарар қабылданды.

Көп адам Палестина-Израиль қақтығысы еврейлердің мұсылмандарға қарсы күресі деп санайды. Бұл іс жүзінде аумақ үшін күрес: адамдардың екі тобы бір жерге қақы бар деп мәлімдейді. Бұл қақтығыстың нақты басталған күні – 1948 жылғы 14 мамыр. Израильдің негізін қалаушы әкесі Дэвид Бен-Гурион Израиль мемлекетінің құрылғанын жариялаған күнді палестиналықтар Аль Накбу – апат күні деп атады.

Дереккөз: ulysmedia.kz

«Қызметкерді қазақ тілін білмегені үшін жұмыстан босатқан»: «Қазпошта» пікір білдірді

Бұған дейін Қазнетте «Қазпочта» АҚ филиалдарының бірінде болды деген оқиғаның видеосы тарап кеткен болатын.

«Пошта қызметкері келушіні түсінбей, тіпті оның не айтып тұрғанын түсіну үшін күзетшінің көмегіне жүгінген. Осыдан кейін ол жұмыстан шығарылды», — деп делінген Telegram-арналардың бірінде.

Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, жағдай осыдан бірнеше жыл бұрын компанияның тағылымдамашыларының біріне қатысты болған.

«Кейбір БАҚ пен әлеуметтік желілерде «Қазпочта» АҚ қызметкерінің тілді білмеуіне байланысты жұмыстан босатылғаны туралы жалған ақпарат таралуда. Таратылған бейнежазбада сипатталған жағдай 2021 жылдың сәуір айында орын алған, сол кезде жұмыспен қамту бөлімінен тағылымдамадан өтуші Қазпошта бөліміне электронды кезек талондарын беру функцияларын орындау үшін жіберілген. Тағылымдама кезінде клиенттердің бірі оған мемлекеттік тілде қызмет көрсетпеді деген түсініктеме берді», — деп түсіндірді Қазпошта.

Пошта әкімшілігі клиентке «Қазпоштаның» барлық қызметтері екі тілде көрсетілетінін ауызша және жазбаша түсіндіріп бергені атап өтілген.

Тәжірибе аяқталғаннан кейін ол «Қазпочта» АҚ-ға жұмысқа орналасудан бас тартты. «Қазпочта» АҚ заң үстемдігі, теңдік және әділеттілік қағидаттарын ұстанады. Осылайша, таратылған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, — деп толықтырды «Қазпошта» АҚ баспасөз қызметі.

 

«Оған үйенбейтінін білген»: атыраулық әйел әнші Бейбіт Қорғаннан 4 жасар баласы барын мәлімдеді

Былтыр қараша айында атыраулық келіншек Бейбіт Қорғаннан 4 жасар баласы барын айтқан болатын. Ал бірнеше күн бұрын әнші ДНҚ сараптамасын тапсырып, өнердегі әріптестері осы жағдайға байланысты пікір білдірді,

Бұл жайлы Дина Төлепберген Instagram желісіндегі парақшасында айтты.

«Бейбіттің болжамды баласы не болды? «Астарлы ақиқат» бағдарламасын жүргізуді тоқтатсам да, бұл мәселе тұрақты бақылауымда. ДНҚ тапсыру үшін, оны ақыры сотқа сүйредік. Оның қан тапсыруға қалай келгенін көрсеңіз, шошисыз. Ауыр диагноздағы бала жайлы бірнәрсе айта ма деп едік, ләм-лим демеді. Бізден қашса да, ақыры Атырауда, заң аясында Бейбіт Қорған өз қанын тапсырды. Нәтижесін сот бір айдан кейін жария етуі тиіс. Ал әнші әріптестері Бейбіт Қорғанның әрекетінен қателік көріп тұрған жоқ секілді», — деген болатын Дина Төлепберген.

Әншінің өнердегі әріптестері Жеңіс Ысқақова мен Абай Бегей жағдайға байланысты пікір білдірген.

«Оған үйлебейтінін біле тұра, баланы өмірге әкелген екен. Қолыңмен істедің бе, басыңмен көтер. Талантты, жақсы жігіттен туған екенсің. Ол әйел өзі үшін туды. Тумауына да болатын еді», — деді Жеңіс Ысқақова.

Ал әнші Абай Бегей бірнеше жылдан кейін келіп, жала жабатындардың көп екенін айтты.

«4-5 жылдан кейін келіп, жала жабатындар көп қой», — деп пікір білдірді Абай Бегей.

Еске сала кетейік, атыраулық келіншек осыдан 5 жыл бұрын әнші Бейбіт Қорғанмен көңіл жарастырып, ұлды болғанын айтты. Әйел төрт жасар баласы әншінің ұлы екеніне сенімді екенін жеткізген болатын. Алайда Бейбіт Қорған бағдарлама редакторларына телефон арқылы жауап беріп, ол әйелді танымайтынын жеткізді және әнші ДНҚ тапсырудан бас тартқан болатын.

«Жоқ, мен ондайды білмеймін. Екінің бірі «Менен балалы болдым десе, әрқайсысына ДНҚ тапсыруым керек пе? Қалай сонда? Екінің бірі солай айта берсе, сене бермейміз ғой. Мен бармаймын. Не үшін баруым керек? Танымайтын адамның айтқанына жүгіріп бара бермеймін. Ондай адам емеспін. Танымаймын», — деп жауап берген еді Бейбіт Қорған.

 

Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова Тина Канделаки мен Қазақстан арасындағы дауға пікір білдірді

Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова отандасы Тина Канделакидің мәлімдемесінен кейін туындаған тіл дауына пікір білдірді, – деп хабарлайды inform.kz.

Бұған Тина Канделаки жауап қатып, Айбек Смадияровты Мәскеуге шақырды.

«Менің отанымның жүрегі Мәскеуден бастаған жөн шығар. Ондағы Чистопрудный бульварында Абай Құнанбаевтың ескерткіші тұр. Сізге де, басқа барша қазақтар сияқты ол жай Абай ретінде ғана белгілі. Ал бізге ол бізге орыс тілі мен әдебиетін әлем жауһарының кілті деп атаған адам ретінде танымал», – деп жазады журналист.

Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова да бұл дауға үн қосты.

«Тинаны да, Айбекті де жақсы білемін. Ондай кездесу болса, өте қызық, өзара сыйластыққа толы пікірталас болатынына сенімдімін. Ал жалпы бәрімізге мазмұны бай ортақ тарихымыздың үздік тұстарын сақтау бағытында жұмыс істеу керек. Бұл істі әдеппен, сәйкесінше атқару керек», – дейді Мария Захарова.

 

Қызылордада мұғалім оқушыға азғындық жасаған: полиция пікір білдірді

Желіде Қызылорда облысындағы мектеп мұғалімдерінің оқушыға зорлық жасады деп күдікке ілінгені туралы ақпарат пайда болды. Облыстық полиция департаментінің өкілдері мұғалім ұсталғанын хабарлады, деп жазады nur.kz.

EGOV.PRESS Telegram-арнасында Қызылорда облысындағы мектептердің бірінде дене шынықтыру мұғалімі оқушыға заңға қайшы әрекет жасады деген күдікке ілінгені туралы ақпарат жарияланды.

Қызылорда облысының полиция департаменті NUR.KZ тілшісінің ресми сауалына берген жауабында бұл дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 124-бабы (Жас балаларды азғындық жолға түсіру) бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша дерек жария етілмейді», — делінген облыстық полиция департаменті хабарламасында.