Бүгін Ақордада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен АХҚО Сотының жаңадан тағайындалған төрағасы, лорд Ян Бернеттің ресми ант беру рәсімі өтті.
Жиынға АХҚО басқарушысы Ренат Бектұров, АХҚО Халықаралық арбитраж орталығының төрағасы Томас Крюммель, сондай-ақ АХҚО Сотының тіркеушісі және Халықаралық арбитраж орталығының аппарат жетекшісі Кристофер Кэмпбелл-Холт қатысты. Ресми жиында сөз сөйлеген мемлекет басшысы бұл институттың коммерциялық дауларды шешуде елеулі қызмет атқаратынын атап өтті.
«Астана» халықаралық қаржы орталығы инвесторлар сенім артатын маңызды алаң саналады. Осы орайда халықаралық стандарттарға сай тәуелсіз сот жүйесі бар АХҚО Соты негізгі рөл атқарады. Құрметті лорд Бернетт, Сізді осынау жауапты лауазымға тағайындалуыңызбен құттықтаймын! Сіздің кандидатураңыздың таңдалуы АХҚО сот жүйесінің тұрақтылық және сенімділік қағидаттарын сақтауға бейіл екенін тағы да растайды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент өз міндетін ыждағаттылықпен орындап, АХҚО сотында қаралған әр істе әділеттілікті және әділ сот төрелігін қамтамасыз етуге күш салғаны үшін соттың бұрынғы төрағасы, лорд Джонатан Мансқа ризашылығын білдірді.
Жиыннан кейін мемлекет басшысы шараға қатысушылармен АХҚО Сотын және Халықаралық арбитраж орталығын еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал ететін негізгі тәуелсіз институттар ретінде дамыту перспективасын талқылады. Президент дауларды шешуге қатысты халықаралық құқықтың үздік тәжірибесін енгізу, сондай-ақ заманауи технологияны, оның ішінде жасанды интеллекттің әлеуетін белсенді түрде пайдалану маңызды екенін айтты.
60,06 млрд долларды сенаторлар Украинаны қолдауға, 14,1 млрд долларды Израильге, тағы 20,23 млрд долларды Максикамен шекарадағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, 4,83 млрд долларды АҚШ-тың Үнді-Тынық мұхит аймағындағы серіктестерін қолдауға, 2,44 млрд долларды АҚШ орталық қолбасшылығына, тағы 2,44 млрд долларды Қызыл теңіздегі операцияларға жұмсамақ.
АҚШ президенті Джо Байден заң жобасын қолдап, Конгрестен оның қабылдануын кешіктірмеуді өтінді. Бастапқы дауыс аптаның ортасында берілетіні болжанған, бірақ заң жобасы өкілдер палатасында республикашылардың көпшілігінің үлкен қарсылығына ұшырауы мүмкін.
Сенаторлар 2023 жылдың күзінен бастап бұл жөнінде келісе алмай келеді. Негізгі себеп – республикашылардың демократтармен Мексикамен шекараны нығайту және иммиграциялық саясатты күшейту шаралары жөнінде ортақ пікірде болмауында. Республикашылар Мексикамен шекараны бақылауды күшейтуді талап етеді. Украинаға кез-келген қосымша көмек талқылануы керектігін де шарт қылмақ.
Конгрес былтыр күзден бастап Украинаны қолдау үшін жаңа бюджетті қабылдай алмаған. Осы уақыт ішінде бұрын бөлінген қаражат таусылып, Киевке америкалық әскери көмек көлемі айтарлықтай қысқарды.
Ресейлік БАҚ-қа сұхбат берген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі АЭС құрылысы жөнінде айтып өткен, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
– Елімізде АЭС салуға қатысты түрлі пікір айтылып жүр. Бір жағынан, Қазақстанның атом энергетикасын дамыту әлеуеті мол. Еліміз табиғи уран өндіру көлемі жөнінен әлемде бірінші орын алады. Сондай-ақ ядролық отын компоненттерін өз елімізде өндіреміз және уранды изотопты байыту жөніндегі қызметтерге қол жеткізе аламыз. Үлбі металлургия зауытының базасында Қытайдың атом электр станциялары үшін дайын ядролық отын шығарылады, – дейді президент.
Тоқаев екінші жағынан, көптеген азаматтар мен сарапшылар атом станциясының қауіпсіздігіне күмән келтіретінін атап өтеді. Семей ядролық сынақ полигонының ауыр қасіретін ескерсек, мұны түсінуге болатынын жеткізеді.
– Қазақстан аумағында АЭС салу мәселесінде Ресей тарапының жәрдем беру ұсынысын жоғары бағалаймыз. Әйтсе де АЭС құрылысы жөніндегі түпкілікті шешім референдум қорытындысы бойынша қабылданады, – делінген сұхбатта.
Айта кетейік, “Казахстанская правда” басылымына берген сұхбатында Ресей президенті Қазақстанда АЭС салу туралы шешім қабылданатын болса, «Росатом» мемлекеттік корпорациясы ең жоғары экологиялық талаптар мен қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып, ең озық технологияларды пайдалана отырып, тиісті жобаны әзірлеуге дайын екенін мәлімдеді. Оның сөзінше, бұл Қазақстан экономикасының энергиямен қамтамасыз етілуін арттырады, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қуатты серпін береді.
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мектептерде хиджаб кию мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
“Атазаңымызға сәйкес Қазақстанда дін мемлекеттен бөлінген. Сөз жоқ, мемлекет дін бостандығына кепілдік береді. Бірақ біз — зайырлы елміз! Сол үшін де мемлекеттік саясаттың барлық мәселелері діни пәтуалармен емес, азаматтық нормалармен реттеледі. Құқықтық-нормативті актілер әрбір оқушыға мектеп қабырғасында арнайы бекітілген форма киюді міндеттейді. Өйткені, білім беру ерекшелігі бірыңғайлықты талап етеді”, – деп жазды министр.
Балаева Конституциямыз бойынша мектептің міндеті – ел азаматтарына сапалы білім беруге кепілдік беру және оны қамтамасыз ету екенін атап өтті.
“Сондықтан да, мектепте бала ең алдымен сапалы білім алуы керек. Содан кейін барып, ержете келе діни наным-сенімін, қандай киім үлгісін киетінін өзі шешеді деп ойлаймын”, – деді ведомство басшысы.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын бұл мәселе туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жекелеген азаматтардың мектептерде хиджаб киюге рұқсат беру туралы талабына қатысты пікір білдірген.
Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров кез келген діни шектеулер конституциялық құқықтардың бұзылуына алып келетінін мәлімдеген.
Ал оның әріптесі Ардақ Назаров Қазақстан зайырлы мемлекет екенін еске салып, оның әрбір азаматы заңға бағынуы керегін айтты.
Сондай-ақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғатымыз балиғат жасына толмаған қызға орамал тағуды міндеттемейтінін мәлім етті.
Өзбекстан Республикасында кезектен тыс президент сайлауы болды. Дауыс беру кеше таңертеңгі сағат 08:00-де басталып, кешкі 20:00-де аяқталды.
Ташкент қаласы «Яккасарай» ауданына қарасты 576 сайлау учаскесіне 2 мың 14 азамат тіркеліп, олардың 80 пайыздан астамы сайлауға қатысып, өздері таңдаған кандидатқа дауыс берді.
Бұл сайлау учаскесіне 23 халықаралық бақылаушы келіп, дауыс беруді бақылады.
Учаскеде сағат 20:00-де дауыс беру аяқталып, учаскелік комиссия мүшелері жиналған дауыстарды санауға кірісті. Дауыс беруді бақылаушылар да қадағалап отырды.
Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, уақыт белдеуін ескере отырып, АҚШ пен Еуропа елдеріндегі шетелдік сайлау учаскелерінде дауыс беру жалғасып жатыр. ОСК-ның соңғы жариялаған мәліметінше, Өзбекстан уақыты бойынша сағат 17:00-де президент сайлауына сайлаушылардың 69,85 пайызы қатысқан. Сайлаудың алдын ала қорытындысы бүгін, 10 шілдеде белгілі болады.
Сайлауға төрт үміткер қатысты. Оның ішінде қазіргі президент Шавкат Мирзиеев те бар. Сайлауда жеңіске жету үшін кандидат 50 пайыздан аса дауыс жинауы керек.