Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұлы дала мен Ұлы Қытай арасындағы рухани-мәдени байланыс ешқашан үзілген емес»
Фото: Ақорда Мемлекет басшысы Қытайдағы Қазақстан мәдениет орталығының ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапары аясында Бейжіңде Қазақстанның мәдениет орталығы салтанатты түрде ашылды. Мемлекет басшысы орталықтың пайдалануға берілуін қос халықтың рухани өміріндегі өте маңызды күн деп бағалады. – Мұны, шын мәнінде, тарихи оқиға деуге болады. Бұл – қазақтың…
