Tag Archives: базар

«Флешка сататын ХҚКО»: Таразда халыққа қызмет көрсету орталығы базарға айналған ба? (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

Тараз қаласындағы ХҚКО-да болған оқиға қоғамда қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде тараған видеода көпбалалы ана өз флешкасын пайдаланбақ болғанда, қызметкерлер «тек біздің флешканы сатып алу керек» деп, 800 теңгеге жаңа флешка алуға мәжбүрлегенін айтады.

«ЦОН базар емес қой. Ішінде сауда қызып жатыр. Егер сауда жасайтын болса, көпбалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мүмкіндік берсін», – дейді бейнежазба авторы. Желі қолданушылары екіге бөлінді: бірі ананы қолдап, мемлекеттік мекемеде жеке сауда жүргізу заңсыз деп ашуланса, енді бірі «флешка керек болса, сол жерден алуға неге болмайды?» деп пікір қалдырды.

Қала тұрғындары бұл жағдайға әкімдік пен министрліктің назар аударуын сұрайды.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы – бизнес нүктесі емес, халыққа арналған орын болуы тиіс», – деп жазып жатыр ашулы пікір иелері.

Халықтың дизелі қара базарға кеткен: Теңізде бір тонна жанармайды көлеңкелі саудаға шығарған

Фото: Видеодан алынған кадр 

Атырау облысындағы Теңізде қарапайым халыққа жетуі тиіс дизель отыны заңсыз саудаға шығарылды. КамАЗ жүргізушілері бірлесіп, бір тоннаға жуық жанармайды көлеңкелі жолмен сатып, тасымалдап жүргені әшкереленді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Қазір бұл жанармай тәркіленіп, іс қозғалды. Күдіктілер ұсталды, жағдайдың мән-жайы тексерілуде.

Жергілікті жұрт «дүкенде дизель таппаймыз, бағасы күнде шарықтап тұр, ал олар тонналап сатып жүр» деп ашулы. «Халықтың қалтасын қағып жүргендердің жолы кесілсін» деген пікір көп.

Астанадағы ірі базарлардың бірі отқа оранды (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Астанадағы «Биг Шанхай» сауда базары өртенді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

«Өрт туралы хабар кеш берілгендіктен, жалын ғимараттың барлық аумағына тарап үлгерген. Үлкен жанғыш жүктеменің болуы сөндіру жұмыстарын күрделендіріп отыр», — дейді ТЖМ баспасөз қызметі.

Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өртті сөндіруге  165 қызметкер мен 62 техника бірлігі жұмылдырылған.

«Өртті сөндіру жұмыстары жоғары жану жүктемесі мен қатты түтіндеу салдарынан күрделі болды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт сағат 07:10-да оқшауланды. Құтқарушылардың жедел қабылдаған шараларының нәтижесінде өрттің жақын орналасқан ғимараттарға таралуына жол берілмеді», — делінген хабарламада.

Айта кету керек, базар әкімшілігі өрт туралы хабарламаған. Өртті бірінші және үшінші қабаттың терезелерінен шыққан қою қара түтінді байқап қалған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері өздері анықтаған. Астана қаласы ТЖД және ЖАО 165 адам, 62 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Қазіргі уақытқа дейін зардап шеккендер туралы мәлімет тіркелген жоқ.

 

Таразда базар аумағында өрт шықты (ВИДЕО)

Таразда базар аумағынан өрт шықты, деп хабарлады Qazaq.today агенттігі.

ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Мәмбет батыр көшесінің бойында «Омар ата» базарының аумағында 350 шаршы метр алаңда қойма өртеніп жатыр. Өрттің себебі анықталуда. Ол сағат 10:05-те оқшауланды.

Өртті сөндіруге ТЖД-ның жеке құрамынан 40-қа жуық адам және 13 техника жұмылдырылды.

 

Алматыда тағы да базар өртенді

Фото: ТЖМ

Алматыда «Береке» базары өртенді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Қалалық ТЖД-ның мәліметінше, «Береке» базарының аумағында тұтыну тауарлары бар 2 сауда бутиктерінде өрт болған. Өрт сөндірушілер жалынның жақын маңдағы нысандарға таралуының алдын алды.

«Өрт сағат 6:15-те оқшауланып, сағат 6:18-де сөндірілді. Ауданы – 50 шаршы метр. Зардап шеккендер жоқ», – делінген ТЖД хабарламасында.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.