Танымал продюсер Баян Мақсатқызының әпкесі Бәтес Байлының ұлы Айдар Асқарбек атышулы блогер Сабина Мовлаевамен бірге жүрген видеосы жарияланды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Айдар Асқарбек пен Сабина Мовлаеваның бұл видеосы кинокөрсетілімдердің бірінде қызыл кілемнің үстінде түсірілгенін байқауға болады.
Олардың әрекетіне, өздерін ұстауына қатысты желі қолданушылары түрлі пікір білдірді.
Айта кетерлігі, Айдар Асқарбек қазіргі уақытта актриса, әнші Жарқынай Ханайыммен бірге заңды некеде.
«Жарқынай жаныңды шығармасын», «Қасыңда Жарқынай болсын», «Сұлу қыз Сабинка», «Отбасылары бұзылып кетпесін», — деп жазды желі қолданушылары.
”Адамдар, тоқтатыңдар! Не болып жатыр? Дархан, еркек болыңыз! Халықтың, туысқандар мен сыныптастардың мұнда не қатысы бар? Бүкіл ел біреудің жеке өмірін талқылауда. Ешкімнің біреудің жеке өмірін талқылауға құқығы жоқ”, — деп жазды продюсер.
Танымал продюсер, «Келінжан» сериалының авторы Гүлнұр Мамасарипова өміріндегі өкінетін сәттерінің бірімен бөлісті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Ол продюсер Баян Мақсатқызымен кезінде дос болып, алайда достықты сақтап қала алмағанын айтып, күйінді.
«Бір ғана нәрсе бар өкінетін — ол достықты сақтап қала алмағанымыз. Қалғанының бәрі жәй дүние. Қалғанының бәрі орнына келді. Маған да жүмыс табылды, ары қарай сериалдарымды түсіріп кеттім. Сондай бір нәзік нәрсені сындырып алдық. Сол ғана өкінетін нәрсе. Бұндай жағдай боолып тұратын шығар өмірде. Ренжісіп қалсаң кей адамдармен бір жерде көрісіп қаласың. Қал-жағдай сұрасып, әңгімелесіп кетесің. Ал ең жақын адамдармен мен неге баруым керек, мен бар сен бар деп жүріп біраз уақыт өтіп кетіпті. Әлі араласпаймыз солай», — деді продюсер.
Театр және кинорежиссері, кинодраматург Талғат Теменов QazaqAIRAN-ға берген сұхбатынла Баян Алагөзова туралы сөз қозғады, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Актриса әрі продюсер Баян Мақсатқызы өзінің сұхбатында өнердегі жолын ашқан ұстазы Талғат Теменовтен кешірім сұраған еді. Режиссер журналистің арадағы реніш туралы сұрағына атүсті жауап берді.
«Мұндай сұрақтар каналдың деңгейін түсіреді. Бұл жеке қарым-қатынастарға жатады. Баянның кешірім сұрағанынан, кешірім сұрамағанынан не өзгерді? Мен өз басым білемін. Иә, Баян менің шәкіртім. Қазақтың бүгінгі мәдениетінен, руханиятынан өз орнын шегелеп алған қазақтың қыздарының бірі. Оның кешірім сұрағанының өзі азаматтығы, кісілігі, кішілігі және оның ақылы. Өз басым ақылды қыздарды сыйлаймын, қашан да оларға тілекшімін. Баянға да солай. Біреудің кешірім сұрағаны, біреудің тойы мен үшін қызық емес. Мен олардан өтіп кеткенмін», — деді ол.
Күні кеше Алматыда қазақы стильде қыздары Алма мен Алисаның тұсауын кескен Тұрсын мен Баян Алагөзовтер тойға келген әріптестеріне алғыс айтып, жуырда тағы бір той болатынын меңзеді, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.
Бұл туралы әнші Мадина Сәдуақасова парақшасына жүктеп, келесі жылы Тұрсын мен Баян үйленеді деп жазған.
Сөз сөйлеген Баян Алагөзова той десе ішкен асын жерге қоятынын айтып, көңілі күнде мереке қалайтынын айтты.
«Мен той тойлап жүргенді жақсы көремін. Жаным үнемі мерекені қалап тұрады. Бүгін үйімізге барған соң таңертең тұра сала Тұрсынға «тағы да мерекелегім келіп тұр» деп еркелей аламын. Келесі жылы бірге тұрып жатқанымызға он жыл болады екен. Мен тұрмысқа шыққым келеді. Тұрсын маған адамша үйленген жоқ. Мен қыз жолдастармен бірге билеп көргім келеді», — дейді Баян Алагөзова.