Атырау тұрғындары: 30 жылдан бері жолсыз, әр жаңбыр сайын батпаққа тұншығып жатыр
Фото: видеодан скрин Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Сүйіндік ауылы — ұзақ жылдар бойы жол мәселесіне шешім таппаған шағын ауылдың бірі. Тұрғындардың айтуынша, ауылға баратын жол дерлік жоқтың қасы. Жаңбыр жауған сәтте тұрғындар үшін қозғалыс мүмкін емес: автокөліктер әрең жүріп, жаяулар батпақта тұншығады. «Көлігіміз батпаққа батып қалуы мүмкін. Балаларды мектепке жеткізу де қиын. Әкімдікке қанша жыл…
