Tag Archives: басшылық

Геннадий Головкин World Boxing ұйымын басқаруы мүмкін

Фото: olympic.kz

World Boxing ұйымында үлкен өзгерістер күтілуде. Президент Борис ван дер Ворст қызметінен кететінін мәлімдеді. Бұл қадамнан кейін халықаралық спорт баспасөзі жаңа басшы кім болатынын қызу талқылауда, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы inbusiness.kz-ке сілтеп. 

World Boxing федерациясының президенті Борис ван дер Ворст ұйымның үшінші жыл сайынғы конгрессінде қайта сайлануға қатыспайтынын хабарлады. Ол бұл шешімін ұйымды басқарудың үлкен талаптары мен көп жылдық халықаралық сапарларға байланысты екенін айтты.

Нидерланды федерациясының бұрынғы басшысы 2023 жылы ұйым құрылғаннан кейін World Boxing федерациясының алғашқы президенті болып екі жылдық мерзімге сайланды. Оның негізгі мақсаты – Париж-2024 Олимпиадасынан кейін бокстың Олимпиададағы болашағын қамтамасыз ету болды.

Ұйымды басқару кезінде ол World Boxing федерациясын 120-дан астам ұлттық федерацияға дейін кеңейтуді қолға алды. Сонымен қатар Халықаралық Олимпиада Комитетінің (ХОК) уақытша мойындауын қамтамасыз етті. Бұл боксты 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасына қосуға мүмкіндік берді.

«Президент ретінде менің уақытым маңызды оқиғаларға толы және тәжірибе болды. Көпжылдық халықаралық сапарлар мен World Boxing-ты нөлден бастап ХОК пен басқа мүдделі тараптардың талаптарына сәйкес құру бойынша күнделікті жұмыс нәтижесінде мен жаңа мерзімге президент ретінде міндеттемені қабылдамауға шешім қабылдадым.

World Boxing сенімді түрде орныққан және мойындалған. Енді жаңа басшылық ұйымды 2026 жылғы Дакар жастар Олимпиадасына және 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасына апару керек», – деді ван дер Ворст World Boxing федерациясына мүше барлық ұлттық федерациялардың президенттеріне жазған хатында.

Инсайдерлік ақпараттарға сүйенсек, World Boxing ұйымына президенттікке басты фаворит – Олимпиадалық комиссия төрағасы Геннадий Головкин. Жаңа президентті сайлау қарашада өтетін Конгресте болады. Әзірге ресми кандидаттар тізімі жарияланбады. Ол регламент бойынша кейін анықталады.

Геннадий Головкин Олимпиадалық комиссия төрағасы ретінде қазірдің өзінде федерация ішінде ықпалды тұлға саналады. Егер сайланса, тұңғыш рет қазақстандық спортшы халықаралық бокс федерациясын басқаратын болады.

«Барыс» хоккей клубының бас директоры тағайындалды

Нұрлан Оразбаев «Барыс» хоккей клубының бас директоры болды. Бұл туралы «Барыс» хоккей клубының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

«Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» корпоративтік қорының шешімімен Нұрлан Оразбаев «Барыстың» бас директоры болып тағайындалды, – делінген хабарламада.

Бұған дейін 56 жастағы маман осы қызметті 2006-2012 және 2013-2015 жылдары атқарған болатын.

Еске сала кетейік, жақында «Барыс» Борис Иванищевтің бас директор қызметінен кеткенін ресми түрде хабарлаған еді.

Ал кеше Вячеслав Буцаевтің командасы Уфаның «Салават Юлаевына» (2:3) есе жіберді. 19 қазанда «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда Ярославльдің «Локомотивімен» кездеседі.

Фото: hcbarys.kz

Петропавл зауытының бұрынғы директоры 11 жылға сотталды

Петропавл зауытының бұрынғы директорына қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Петропавл ауыр машина жасау зауытының бас және атқарушы директорларына қатысты, сондай-ақ мемлекеттік қорғаныс тапсырысы шеңберінде қозғалтқыштар мен гироблоктарды жеткізуді жүзеге асырған кәсіпкерге қатысты қылмыстық істі ҚМА тергеді.

2022 жылы зауыт Қорғаныс министрлігінен әскери техниканы жөндеуге тапсырыс алғаны анықталды, оны орындау кезінде жеке кәсіпкермен жалпы сомасы 283,3 млн теңгеге қосалқы бөлшектер жеткізуге шарт жасалды.

Орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны және шартты орындау кезінде жалпы қамқорлығы үшін бас директор атқарушы директор арқылы кәсіпкерден 100 мың АҚШ доллары (45 млн теңге) сомасында пара алды.

Сотпен зауыттың бұрынғы бас директоры аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін 11 жылға, атқарушы директор — төрт жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар, мемлекет кірісіне 40 млн теңгеге пара сомасына сатып алынған пәтер тәркіленді. Қалған 5 млн теңге сотталғандардан тең үлестермен өндірілді.

«Жылтыр дүние»: Белгілі актер басшылықта отырған әріптестерін сынады

Фото: Болат Әбділмановтың жеке архивінен

Танымал актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Әбділманов актер адам басшылыққа бармау керектігін айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Актер «Базар like-қа» берген сұхбатында өнер адамының қызметте жүруіне қарсы екен жеткізді.

«Сабира Майқанова рөлді сахнаға алып шықпас бұрын, бір жеті қонаққа бармайтын, қонақ шақырмайтын, телефонның бәрін өшіріп тастап, сомдайтын рөлін бойына сіңіретін. Әйтпесе кешке дейін той басқарып келіп, қалай Гамлетті, қалай Абайды ойнайсың?  Шаруа мен өнерді біріктірсең өнер болмайды. Ол – жылтыр дүние. Рөліңді сомдап, қайтадан директор болып отыра бересің бе сонда? Бұл – күшіңнің бәрі сол қызметке кетеді деген сөз», — деді ол.

Болат Әбділманов актер барлық энергияны өнерге салғаны дұрыс деп есептейді.

Тендердегі текетірес: «ӨзенМұнайГаз» АҚ директорының орынбасары 6 жылға сотталды

Фото: Zakon.kz

Ақтау қалалық сотында «ӨзенМұнайГаз» АҚ директорының орынбасары К-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Тергеу органы оған аса ірі мөлшерде заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтірді (ҚК 365-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы) деген айып тақты. Сондай-ақ оның әрекеттері ауыр зардаптарға әкеп соққаны (ҚК 371-бабының 2-бөлігі) қоса айтылған.

«Жауапкер К., «ӨМГ» АҚ директорының мұнай және газ өндіру жөніндегі орынбасары, сонымен қатар аталған кәсіпорынның конкурстық комиссиясының төрағасы бола тұра, бұрғылау жұмыстарына тендер өткізу кезінде ол белгілі бір компанияның мүддесін қорғап, басқа компанияға зиян келтірген. Жауапкер К. «К» ЖШС жеңімпаз деп танылған 2023 жылғы 20 наурыздағы тендер қорытындылары туралы хаттаманың күшін жоймай, 2023 жылғы 29 наурызда дәл сол лоттар бойынша тендер өткізу туралы заңсыз шешім қабылдаған. К. өз әрекетінің заңсыздығын түсініп, «А» ЖШС-нің өтініші әлеуетті өнім берушілердің талаптарына сәйкес келмейтінін біле тұра, өз өкілеттіктерін «А» ЖШС-нің мүдделерін қолдау мақсатында пайдалана отырып, 2023 жылғы 29 наурызда қайталама жиналыс өткізіп, нәтижесі бойынша барлық 4 лот «А» ЖШС аукциондарына жіберу туралы шешім қабылданды», — делінген сот анықтамасында.

Конкурс қорытындысы бойынша бағаны барынша төмендеткен «А» ЖШС жеңімпаз деп танылды. Осылайша, қызметтердің жалпы құны 2,7 млрд теңгеден астам сомаға төмендетілген. (ҚК 365-бабы)

«Сонымен қатар жауапкер К., «ӨМГ» АҚ мен «АМСК» ЖШС арасында жасалған сорғы және компрессорлық құбырларды жалға беру туралы шарт талаптарының орындалуын тексермей және қадағаламай, орындалған жұмыстар туралы актілерге қол қойып, 21 749 456 млн теңге сомасындағы жалдау ақысын төлеуден ұстау шараларын қолданбай салғырттық танытқан», — деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Осы тұста сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәгерлердің айғақтарымен, сарапшылардың қорытындыларымен, кепіл хаттарымен, атқарылған жұмыс туралы анықтамалармен, шот-фактуралармен және басқа да іс материалдарымен дәлелденгенін айта кету керек.

Прокурор айыпталушыны жоғарыда аталған қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танып, қылмыстардың жиынтығын негізге ала отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушы өз кінәсін мойындамай, ақтауды сұрады.

«Сот жеңілдететін мән-жайлар ретінде сотталушының кішкентей балаларының болуын және тұрғылықты мекен-жайы мен жұмыс орындарынан оң мінездемесін ескерді. Жауаптылықты ауырлататын мән-жай ретінде, қызметтік бапта және шартта көрсетілген сенімді пайдалана отырып, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны танылды», — делінген хабарламада.

Сот үкімімен К. ҚК-тің 371- бабының 2-бөлігі, 365-бабының 3-бөлігі 2-тармағы, 58- бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оны өмір бойы мұнай-газ саласындағы коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырып, оған 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ